|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Шетелдiк жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелерi жөніндегi тәртіптердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 862 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 29, 280-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін: кiрiспедегi «Қазақстан Республикасы Президентінің «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар Жарлығын,»деген сөздер алынып тасталсын, «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «Лицензиялау туралы»,»деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» деген сөздер «жергілiктi атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекiтілген Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензиялар берудiң тәртібінде: 2-тармақтағы және 3-тармақтың 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінiң Көшi-қон комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) мемлекеттік тiркелгенi туралы куәліктің (заңды тұлғалар үшiн) немесе жеке кәсiпкер ретінде есепке қойылғаны туралы куәліктің көшiрмесi;"; 7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Өтініш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған кезде өтiнiш жалпы негiзде қаралады;"; мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: «8-1. Егер лицензия белгіленген мерзiмде берiлмесе немесе өтiнiш берушіге бас тарту негiзсiз болып көрінсе, ол бiр ай мерзiмде бұл iс-әрекеттерге сот тәртібiмен шағымдануға құқылы.»; мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: «9-1. Лицензия өзiнiң қолданылуын: 1) лицензиялар керi қайтарып алынған; 2) азаматтың кәсiпкерлiк қызметi тоқтатылған, бiр түрдегі заңды тұлғаның басқа түрдегi заңды тұлға болып қайта құрылуын (ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруiн) қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған; 3) лицензия лицензиарға ерiктi түрде қайтарылған жағдайларда ғана тоқтатады.»; 10-тармақ 3) тармақшадағы «жойылмаған» деген сөзден кейiн»;»белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) лицензия алу кезiнде лицензиат көрiнеу жалған ақпарат берген»; мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: «11-1. Сот шағын кәсiпкерлiк субъектісi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруды лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтінiшi бойынша жүргiзедi. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекше жағдайларда көрсетілген мерзiмде сотқа қуыным өтiнiшiн мiндетті түрде ұсына отырып, 3 күннен аспайтын мерзiмге шағын кәсiпкерлiк субъектісi лицензиясының қолданылуын сот шешiмінсiз тоқтата тұруға жол беріледi. Бұл ретте тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады.»; 17-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінiң Көшi-қон комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «20. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензия алуға үмiткер заңды немесе жеке тұлғаға (бұдан әрi - өтінiш берушi) қойылатын біліктілiк талаптары: 1) жоғары немесе орта арнаулы заңгерлiк білiмi бар қызметкерлердiң; 2) офис үшін меншiкті немесе жалға алған жұмыс орнының; 3) еңбек биржаларымен, Жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі ақпараттық-талдау орталығымен өзара iс-әрекетті қамтамасыз ететiн компьютерлер мен телекоммуникациялық жабдықтардың; 4) шетелдiк жұмыспен қамту агенттіктерiмен ынтымақтастығы туралы шарт көшiрмесiнiң немесе шетелдiк жұмыс берушінің өтінiш берушімен ынтымақтасу ниетi туралы растамасының (жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке арналған) болуын қамтиды.»; 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |