|
|
|
“Дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы” (2006.06.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды
Ел экономикасының мұқтаждары үшін дизель отынының қажетті қорын жасау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексі 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2005.11.10. № 1014 ; 2005.31.12. № 1332 (бұр.ред.қара); 2006.06.02. № 70 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. 2005 жылғы 1 шілде-2006 жылғы 28 ақпан кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын (оның ішінде пештік отынды) (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0) әкетуге тыйым салынсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасы осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын әкетуге тыйым салуды енгізетіні туралы хабардар етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С. Школьникке жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |