|
|
|
“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 29 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыру бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2005 жылғы 1 шiлдедегi № 675 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыру
1. "Табиғи ортаның жайын бақылайтын станциялардың мәртебесi жөніндегі ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 10 қаңтардағы № 38 қаулысында: 2-тармақ алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи ортаның жайын бақылайтын станциялардың мәртебесi жөніндегі ережеде: 1-тармақта "Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегi Бас басқармасының (Казгидромет)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының (бұдан әрi - Қазгидромет)" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта "Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі Бас басқармасы" деген сөздер "Қазгидромет" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. "Қазақстан Республикасының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын тұрақты дамыту үшiн қоршаған ортаны жақсарту" шатырлық жобасын әзiрлеу және жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 18 наурыздағы № 264 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 9, 76-құжат): 4-тармақта "Табиғи ресурстар және" деген сөздер алынып тасталсын. 3. "Сандық геоақпараттық жүйелер негiзiнде Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерiнiң бiрыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 қыркүйектегi № 1449 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 470-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Сандық геоақпараттық жүйелер негiзiнде Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерiнiң бiрыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесiн құру және жүргiзу ережесінде: 9-тармақта: 2) тармақшада "белгiленген құзыретiне сәйкес су ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығы" деген сөздер "cу қорын пайдалану мен қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшада "және қорғау" деген сөздер алынып тасталсын; 5) тармақшада "қоршаған ортаны қорғау" деген сөздер "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақшада "саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздерден кейiн "және балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақта "табиғи ресурстар және" деген сөздер алынып тасталсын. 4. "Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттік жүйесiн ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 24-25, 302-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттік жүйесiн ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесінде: 14-тармақтың 2) тармақшасында "және жергiлiктi атқарушы" деген сөздер алынып тасталсын; 18-тармақта "және жергіліктi бюджеттер" деген сөздер "бюджеттiң" деген сөзбен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |