Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (2006.09.01. берілген өзгерістерімен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 43, 515-құжат; 1995 ж., № 4, 45-құжат; 2000 ж., № 43, 503-құжат): 4-тармақта "ұйымдық-техникалық" деген сөздер алып тасталсын; 2) ҚР Президентінің 2006.09.01. № 1696 Жарлығымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3) "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi iрiктеу және оны тағайындау туралы ереже мен Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат; 2004 ж., № 22, 276-құжат): тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы"; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Қоса берілген: 1) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия туралы ереже; 2) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамы бекітілсiн."; Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 1-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына тағайындау үшiн үмiткерлердi iрiктеу ережелерiн бекiтсiн."; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|