|
|
|
ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекiтілген
Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну (2011.01.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
Осы Ереже мүгедектер мен мүгедек балаларға, олардың организмiнiң бұзылған немесе жоғалтқан функциялары мен денсаулығын қалпына келтiруге бағытталған медициналық оңалту мақсатында санаторий-курорттық емделудi ұсынудың тәртібін белгілейдi. 1. Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етудi жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектер мен мүгедек балаларға мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық жолдама (бұдан әрi - жолдама) беру арқылы жүзеге асырады. 2. Жолдамаларды облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтiк бағдарламалар департаменттерi (басқармалары), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменттерi (басқармалары) (бұдан әрi - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкiлетті органы) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебiнен сатып алады. 3. Мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуге арналған құжаттарын ресiмдеудi және есепке алуды аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi (бұдан әрi - ауданның (қаланың) уәкiлетті органы) жүргiзедi. 4. Ауданның (қаланың) уәкiлетті органы өтiнiштердi тiркеу және жолдамаларды беру журналын жүргiзедi (жоғарыда аталған Ережеге 2-қосымша). Журнал нөмiрленген, тігілген және ауданның (қаланың) уәкiлетті органының мөрiмен расталған болуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 2011.01.12. № 1427 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Мүгедектер, не олардың жазбаша келісімiмен басқа адам, сондай-ақ мүгедек балалардың заңды өкілдерi белгiленген нысандағы өтiнiштi (жоғарыда аталған Ережеге 1-қосымша) ауданның (қаланың) уәкілеттi органына бередi. Өтінішке мынадай құжаттар: 1) өтiнiш берушінiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; 2) мүгедек-балалар үшін - баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi және оның заңды өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; 3) денсаулық сақтау ұйымы берген санаторий-курорттық картаның көшiрмесi; 4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын). 5) мүгедектігі туралы анықтамадан үзiндi көшiрме мен мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрме; 6) мүгедектiң жазбаша келісімiмен басқа адам өтiнiш бергенде - оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi қоса беріледi. 6. Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттар ауданның (қаланың) уәкілеттi органына салыстыру үшін түпнұсқалар мен көшiрмелер түрiнде беріледi. Салыстырудан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтінiш берушiге қайтарылады. Ауданның (қаланың) уәкілетті органының мамандары құжаттардың көшiрмелерiн куәландырады және оларды iс-қағазына қосып қалыптастырады. 7. Ауданның (қаланың) уәкілеттi органы қажетті құжаттардың барлығы болған жағдайда жолдама беру туралы шешiм қабылдайды.
3. Санаторий-курорттық емделуге арналған жолдамаларды сатып алу мен берудiң тәртібі
8. Ауданның (қаланың) уәкілеттi органы өтiнiш берген, оларға мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емделу ұсынылған мүгедектер мен мүгедек балалардың тiзiмiн қалыптастырады. 9. Ауданның (қаланың) уәкілетті органы өтінiштердi тiркеудi олардың келiп түсу тәртібімен жүзеге асырады. 10. Ауданның (қаланың) уәкілетті органы қалыптастырылған тiзiмдердi 10 күнтізбелік күн iшiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкілеттi органына ұсынады. 11. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкілеттi органы ұсынылған тiзiмдерге сәйкес жолдамаларды ауданның (қаланың) уәкілетті органдарының арасында, оларды мақсаты бойынша пайдалану үшін бөледi. 12. Жолдаманы ауданның (қаланың) уәкiлетті органы санаторий-курорттық емделуге құқығы бар адамның қолына не оның жазбаша келісімi бойынша өтiнiште көрсетілген басқа адамға бередi. Мүгедек балаға жолдама оның заңды өкілінің қолына берiледi. 13. Жолдама беруден бас тартқан жағдайда ауданның (қаланың) уәкілеттi органы өтініш қабылданған күннен бастан 5 жұмыс күні iшiнде өтiнiш берушiге жазбаша дәлелдi бас тарту беруге мiндетті. 14. Жолдаманы белгілі бiр себептермен (қайтыс болу, сырқаттану және ауданның (қаланың) уәкiлетті органы дәлелдi деп таныған басқа да) пайдалануға мүмкiндiк болмаған жағдайда, ол ауданның (қаланың) уәкiлетті органына қайтарылуы және кезектiлік тәртібімен басқа адамға берiлуi тиiс. Жолдаманы қайтару өтініштердi тiркеу және жолдамалар беру журналында белгiленедi. 15. Жолдама дәлелдi себептер бойынша пайдаланылмаған жағдайда, берiлген жолдама мүмкiндігінше келу кестесiне сәйкес басқа кезеңнiң жолдамасына, бiрақ ауыстырылуға тиiс жолдамада көрсетілген келу басталғанға дейiн үш күннен кешiктiрiлмей ауыстырылуы мүмкін. 16. Жолдамалар күнтiзбелiк жылда бiр рет, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкiлетті органы белгiлеген мерзiмге беріледi.
балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесiне 1-қосымша
Санаторий-курорттық емделуге жолдама беру туралы ӨТIНIШ
Тегi ______________________________________________________________ Аты _______________________________________________________________ Әкесiнiң аты ______________________________________________________ Туған күнi ________________________________________________________ Мyгедектiгi _______________________________________________________ Мекен-жайы ________________________________________________________ Телефоны __________________________________________________________ Маған санаторий-курорттық емделуге бiр жолдама берудi сұраймын. Мынадай құжаттардың көшiрмелерiн қоса берiп отырмын: 1. ________________________________________________________________ 2. ________________________________________________________________ 3. ________________________________________________________________ 4. ________________________________________________________________ 5. ________________________________________________________________ 200__ ж. "__" _________ ______________________________________ (өтінiш берушінiң немесе өтінiш берген адамның қолы) Өтініш берушi ұсынған құжаттар көшiрмелерінiң дұрыстығын растаймын: ______________________________ (Өтініштi қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы) 200__ ж. "__" ______ ________ (қолы)
балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесiне 2-қосымша
Өтiнiштердi тiркеу және жолдамалар беру журналы
кестенің жалғасы
Ескерту. Журнал өтiнiштердiң келiп түсуi бойынша қатаң дәйектiлiкпен толтырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |