|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 783 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Автомобиль көлiгiмен қауіпті жүктердi тасымалдау жөнiндегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 14, 176-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту ережесi және қауiптi жүктердi тасымалдайтын жүргізушілер мен автокөлiк құралдарына қойылатын білiктiлiк талаптарында: 2-тармақ: «әрекеті» деген сөзден кейiн «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен халықаралық тасымалдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»; 5-тармақ «уәкілеттi орган» деген сөздерден кейiн»(бұдан әрi - уәкiлетті орган)»деген сөздермен толықтырылсын; "(рұқсаттың)»деген сөз алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша жарылғыш немесе күшті әсер ететiн улы заттарды; азаматтық және қызметтік қаруды және оларға патрондарды, азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылған бұйымдарды тасымалдау кезiнде ішкі iстер органдары берген рұқсаттың бар болуы талап етіледi.»; бірiнші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Жүк жөнелтушi (жүк алушы) мен тасымалдаушы арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауiптi жүк тасымалын жүзеге асыруға шарт жасалады.»; 4) тармақша «қауіп» деген сөзден кейiн «және қауіптi жүктi бейтараптандыру» деген сөздермен толықтырылсын; 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «11. Қауіптi жүктi тасымалдау шартын жасасу тауар-көлік жүкқұжатын жасаумен расталады. Қауіптi жүкті тасымалдау кезінде тасымалдаушының үш данада жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүк жөнелтуші мен тасымалдаушы қол қоятын тауар-көлік жүкқұжаты болуы тиiс. 12. Тауар-көлiк жүкқұжатының нысаны және оны қолдану тәртібі уәкілетті орган бекiткен автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережесiмен айқындалады.»; 13-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын; 14-тармақтың бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Осы қаулымен бекітілген қауiптi жүктердiң тiзiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жіберілетін 1, 6 және 7 кластық қауiптi жүктi тасымалдауға тасымалдаушы қауiптi жүктi тасымалдаудың бағытын әзiрлейдi.»; «тасымалдаудың» деген сөз «қауiптi жүкті тасымалдаудың» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Адамның өмiрi мен денсаулығы үшін қауіппен, қоршаған ортаға және мәдени құндылықтарға келтiрілетiн залалмен, сондай-ақ тасымалданатын жүктiң қауіпсiздігіне байланысты күтпеген жағдайлар кезiнде қауiпті жүктi тасымалдаудың келісiлген бағытын тасымалдаушы жол полициясы органымен келісім бойынша өзгертуi мүмкін.»; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) жасап шығарушы зауыттың конструктивтi-техникалық сипаттамасы және қауіптi жүктердi тасымалдайтын көлік құралдарының конструкциясына, жабдығына және техникалық жай-күйіне Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттары;"; 7) тармақша «Жол қозғалысы ережесіне» деген сөздерден кейiн «және Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтiк құжаттарына» деген сөздермен толықтырылсын; 9) тармақша «жарамды» деген сөздiң алдынан «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтiк құжаттарына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын; 19-тармақтағы «автокөлiк құралына техникалық тексеру жүргiзген» деген сөздер «куәлiк берілген» деген сөздермен ауыстырылсын; 21-тармақтағы төртiншi абзац «жүргізушілер үшін» деген сөздерден кейiн «жол қағазына белгi қоя отырып,»деген сөздермен толықтырылсын; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) осы қаулымен бекітілген қауiптi жүктердi тiзiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жіберілетін 1, 6 және 7 кластық қауiптi жүктi тасымалдау бағытының бланкiсi (3-қосымша);"; 8) тармақшадағы «көлiктiк» деген сөз «тауар-көлік» деген сөздермен ауыстырылсын; 26-тармақтың екiншi абзацында «белгi» деген сөз «тану белгiсi» деген сөздермен ауыстырылсын; 28-тармақтың бірiнші абзацы «жүк жөнелтушi» деген сөздерден кейiн»(жүк алушы)»деген сөздермен толықтырылсын; екiнші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Тұрғын үй құрылыстары мен адамдардың көп шоғырланған жерiнен кемiнде 200 метр жерде немесе осыған арнайы бөлiнген жерлерде тұруға рұқсат етiледi.»; төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қауіпті жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдарының тоқтайтын және тұратын орындары қауiптi жүктi тасымалдау бағытында көрсетiледi.»; 32-тармақтың 3) тармақшасындағы «денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдарға» деген сөздер «төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы уәкiлетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын; 34-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Жарылғыш, тез тұтанатын, радиоактивтi, улы және басқа да қауіпті жүктердiң жөнелтушiлерi (жүк алушылары) жүктердi тасымалдау кезiнде авариялық жағдайлардың алдын-алу, сондай-ақ авариялардың салдарларын жою үшiн қажеттi құралдары мен ұтқыр бөлiмшелерінің болуы жолымен оларды тасымалдау қауiпсiздiгін қамтамасыз етедi.»; мынадай мазмұндағы 35-тармақпен толықтырылсын: «35. Осы Ереженің сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде басқа да мемлекеттік органдар жүзеге асырады.»; көрсетiлген Ережеге 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкiметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 759 қаулысына қосымша
Автокөлiк құралдарымен қауіптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту ережесiне және қауіптi жүктердi тасымалдайтын жүргiзушілер мен автокөлiк құралдарына қойылатын біліктiлiк талаптарына 3-қосымша
Қауiптi жүкті тасымалдау бағытының бланкiсi
КЕЛIСIЛДI КЕЛIСIЛДI
__________________________ __________________________ _________________________ М.О. __________________________ 200__жылғы»___»__________ 200__жылғы»___»___________ Қауiптi жүк туралы мәлiметтер Бір көлiк құралындағы жүктiң жалпы салмағы _______ т. Қозғалыстың ерекше шарттары ___________________________________________________________________
_____________________ тасымалдаушы
200_ жылғы»___»__________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |