|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында көшi-қон процестерiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртібінде: 4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: «Визаның қолданылу мерзiмi шетелдiк азамат паспортының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде 6 ай бұрын аяқталуы тиiс.»; 9-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын: «Еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн (жұмысқа) Қазақстан Республикасына келуге визаны тек Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің шетелдегі мекемелерi ғана, олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлеттi өкiлдерi бередi.»; 13-тармақта «шетелдiк азаматтар» деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткен күннен бастап» деген сөздермен толықтырылсын; бiрiншi абзац «рұқсат беруден» деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген негіздемелер бойынша» деген сөздермен толықтырылсын; 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшалар алынып тасталсын; 36-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Кетiру туралы шешiмдi сот қабылдайды. Бұл ретте шетелдiк азаматтарды кетiрудi ұйымдастыру үшiн қажетті мерзiмге ұстауға жол берiледi. Оларды ұстау iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiнде жүргізiледi.». 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |