Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi (2011.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2007.10.08. № 688 Қаулысымен тақырыбы және мәтіні өзгертілді (бұр.ред.қара)
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағында болуын құқықтық реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртібі (бұдан әрi - Тәртiп) бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 27.06.00 ж. № 956 қаулысына сәйкес 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі, Сыртқы iстер министрлігі, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiгі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келісім бойынша заңдарда белгіленген тәртiппен 2000 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзiмде: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы ?кіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгізсiн; 2) осы қаулымен бекітілген Тәртiптiң ережелерiн iске асыру мақсатында нормативтi құқықтық актілердi әзiрлеудi, келiсудi және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркеудi қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі осы қаулының 2-тармағының iске асырылуына жәрдем көрсетсiн. 4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 10 наурыздағы № 186 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., № 7, 87-құжат); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|