|
|
|
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 28 қаңтардағы N 136 қаулысы (ҚР Үкіметінің 27.06.00 ж. N 956; 29.05.02 ж. N 595 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 13 наурыздағы N 241 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болуын құқықтық реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiп) бекiтiлсiн. ҚР Үкіметінің 27.06.00 ж. N 956 қаулысына сәйкес 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі, Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiгі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша заңдарда белгіленген тәртiппен 2000 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзiмде: 1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы Yкiметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгізсiн; 2) осы қаулымен бекiтiлген Тәртiптiң ережелерiн iске асыру мақсатында нормативтi құқықтық актілердi әзiрлеудi, келiсудi және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркеудi қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі осы қаулының 2-тармағының iске асырылуына жәрдем көрсетсiн. 4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 10 наурыздағы N 186 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., N 7, 87-құжат); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |