Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын дайындаудыц кейбір мәселелері туралы
Осы қаулының 4-тармағына сәйкес 2011 жылғы 22 ақпанға дейін қолданылды
2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын (бұдан әрі - Ойындар) өткізу кезінде визалық, шекаралық және тіркеу рәсімдерін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібінде: «1. Жалпы ережелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) аккредиттеу картасы - «іскерлік» (ІСВ) санатындағы көп реттік келу-кету визасы ретінде қолданылатын және барлық аккредиттеу санатындағы Ойындарға қатысушыларға осы Ережеде көзделген мерзімге Қазақстан Республикасына келу, онда болу және кету құқығын беретін құжат; 2) Ойындар - Астана және Алматы қалаларындағы 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындары; 3) Ойындарға қатысушылар - Ойындарды ұйымдастыру мен өткізуге қатысатын, осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасына келудің, онда болудың және кетудің уақытша визалық режимі қолданылатын аккредиттелетін шетелдіктер; 4) Ойындардың аккредиттеу орталықтары - Ойындарға қатысушыларды аккредиттеуге арналған тұрақты орталықтар. Аккредиттеу орталықтарының орналасатын жерін Ойындарды ұйымдастырушы айқындайды; 5) Ойындарды ұйымдастырушы - «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» акционерлік қоғамы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|