Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi (2010.19.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.10.08. № 688 Қаулысымен тақырыбы және мәтіні өзгертілді (бұр.ред.қара)
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағында болуын құқықтық реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiп) бекiтiлсiн. ҚР Үкіметінің 27.06.00 ж. № 956 қаулысына сәйкес 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі, Сыртқы iстер министрлігі, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiгі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша заңдарда белгіленген тәртiппен 2000 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзiмде: 1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы Yкiметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгізсiн; 2) осы қаулымен бекiтiлген Тәртiптiң ережелерiн iске асыру мақсатында нормативтi құқықтық актілердi әзiрлеудi, келiсудi және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркеудi қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі осы қаулының 2-тармағының iске асырылуына жәрдем көрсетсiн. 4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 10 наурыздағы № 186 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., № 7, 87-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 наурыздағы № 186 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 30 желтоқсандағы №1367 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., № 50, 465-құжат). 5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бiр ай мерзiм өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысымен бекітілген
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібі
1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 2010.03.03. № 166 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Халықтың көші-қоны туралы» және «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының құқықтық ережесі туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленді және: 1) шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және Қазақстан Республикасынан кетуінің; 2) шетелдіктердің Қазақстан Республикасында уақытша болуы және тұрақты тұруы құқығына арналған құжаттарды ресімдеудің; 3) шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруінің және транзиттік өтуінің; 4) шетелдіктердің болуы мерзімдерін ұзартудың және қысқартудың, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасынан кетірудің тәртібін айқындайды. 2. Осы Тәртіптің күші, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады. ҚР Үкіметінің 2010.19.10. № 1075 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді және 2011 жылғы 22 ақпанға дейін қолданылады) 2-1. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) аккредиттеу картасы - «іскерлік» (ІСВ) санатындағы көп реттік келу-кету визасы ретінде қолданылатын және барлық аккредиттеу санатындағы Ойындарға қатысушыларға осы Ережеде көзделген мерзімге Қазақстан Республикасына келу, онда болу және кету құқығын беретін құжат; 2) Ойындар - Астана және Алматы қалаларындағы 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындары; 3) Ойындарға қатысушылар - Ойындарды ұйымдастыру мен өткізуге қатысатын, осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасына келудің, онда болудың және кетудің уақытша визалық режимі қолданылатын аккредиттелетін шетелдіктер; 4) Ойындардың аккредиттеу орталықтары - Ойындарға қатысушыларды аккредиттеуге арналған тұрақты орталықтар. Аккредиттеу орталықтарының орналасатын жерін Ойындарды ұйымдастырушы айқындайды; 5) Ойындарды ұйымдастырушы - «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» акционерлік қоғамы. 6) сәйкестендіру картасы - Қазақстан Республикасына келу және одан кету кезінде Ойындарға қатысушылардың визалық сауалнамасы ретінде қолданылатын құжат. 3. Шетелдіктерді жеке істері бойынша Қазақстан республикасына шақырған қабылдаушы ұйымдар мен адамдар шетелдіктерге Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Тәртіпте көзделген құқықтар мен міндеттерді уақытылы түсіндіруді, шетелдіктерге қатысты белгіленген құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында болуы, елдің аумағы бойынша жүріп-тұруы құқығына арналған және оларға белгіленген болудың мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасынан кетуіне арналған құжаттардың уақытылы ресімделуі үшін заңдарда белгіленген жауаптылықта болады. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғалары мен азаматтарының осы Тәртiптiң талаптарын сақтауын бақылауды ұлттық қауiпсiздiк органдарымен өзара iс-қимылда iшкi iстер органдары жүзеге асырады.
2. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi
ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен 4-тармақ толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.03.03. № 166 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Шетелдіктер, егер Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және/немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасының визасы болған жағдайда, төлқұжаты немесе оны алмастыратын құжаттар (бұдан әрi - төлқұжат) бойынша мемлекеттік шекарадағы халықаралық және жолаушы қатынастары үшiн ашық өткiзу пункттерi арқылы Қазақстан Республикасына келедi және Қазақстан Республикасынан кетедi. Визаның қолданылу мерзiмi шетелдiк азамат паспортының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде 6 ай бұрын аяқталуы тиiс. 5. Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына келуге (келулерге) және Қазақстан Республикасына келiп кетуге (келу-кету) визаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдегi мекемелерi мен консулдық пункттерi, ал ондайлар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының уәкiлеттiк берiлген органдары бередi. 6. Шетелдіктерге Қазақстан Республикасынан кетуге (кету) және Қазақстан Республикасынан кетiп, қайта келуге (кету-келу) визаларды Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, сондай-ақ ол уәкiлеттiк берген аумақтық iшкi iстер органдары бередi. Төлқұжаты Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінде және оның өкiлдiктерiнде тiркелген шетелдіктерге кету және кету-келу визаларын берудi осы ұйымдар жүргiзедi. 7. Қабылдаушы ұйымдардың өтiнiшi бойынша шетелдіктерге Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге бiрнеше мәртелiк виза берiлуi мүмкiн. ҚР Үкіметінің 29.05.02 ж. № 595 қаулысына сәйкес 8-тармақ толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.07.09. № 854 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Қазақстан Республикасының визаларын беру және олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн: 1) халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарының заңдарда белгiленген тәртiппен ресiмделген жазбаша өтiнiштерi; 2) Қазақстан Республикасына жеке iстерi бойынша, турист ретiнде және мемлекеттік емес ұйымдардың шақыруы бойынша iскерлiк мақсаттармен немесе тұрақты тұруға келетiн шетелдіктер үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге iшкi iстер органдарының рұқсаты; 3) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілейтін тәртіпке сәйкес шетелдіктерге Қазақстан Республикасына шақыру үшін заңды немесе жеке тұлғалардың заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген жазбаша өтініштері. 4) өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі өкілетті органның өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтініші негіз болып табылады. ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756; 2006.01.08. № 725 қаулыларымен 9-тармақ өзгертілді 9. Келу визаларын берудiң негiздемесi шетелдіктерге Қазақстан Республикасында болу мақсаттарына сәйкес келуi тиiс. Қазақстан Республикасына туыстары мен таныстарының шақыруы бойынша, яғни жеке iстерi бойынша келген, сондай-ақ iскерлiк мақсатпен, оқуға және турист ретiнде келген шетелдіктер Қазақстан Республикасының аумағында жұмысқа орналаспайды, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, визада көрсетiлген келу мақсатымен байланысты емес өзге де қызметпен айналыса алмайды. Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі мен шетелдік инвесторлар арасында рұқсат берудің белгіленген тәртібі қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiк жұмыс күшiн лицензиясыз тартуға (әкелуге), сондай-ақ Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiктердiң тиiстi рұқсатсыз еңбек қызметiн жүзеге асыруына тыйым салынады. Еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн (жұмысқа) Қазақстан Республикасына келуге визаны тек Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің шетелдегі мекемелерi ғана, олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлеттi өкiлдерi бередi. 10. Визалардың санаттары мен түрлерiн, оларды берудiң, сондай-ақ олардың қолданылу мерзiмдерiн қысқарту мен ұзартудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі айқындайды. 11. Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген негіздер бойынша шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуiне және Қазақстан Республикасынан кетуiне тыйым салынуы мүмкiн. ҚР Үкіметінің 13.03.03 ж. № 241 қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 20.08.04 ж. № 881 қаулысымен 11-1-тармақ өзгерді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.10.08. № 688 Қаулысымен 11-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11-1. Қазақстан Республикасына келу кезiнде 16 жасқа толған әрбiр шетелдiк азаматқа көшi-қон карточкасы беріледi. Көшi-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан кету кезiнде тапсырылуы тиiс. Көшi-қон карточкалары: Қазақстан Республикасының дипломаттық, қызметтiк және инвесторлық визасы бар адамдарға; әуе, теңiз және өзен кемелерi экипаждарының мүшелерiне; поезд, оның iшiнде рефрижератор, локомотив бригадаларының жұмыскерлерiне және темiр жол көлiгiмен тасымалданатын жүктердi бiрге алып жүретiн адамдарға; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн поездардың жолаушыларына; халықаралық автотасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне берiлмейдi. ҚР Үкіметінің 2007.10.08. № 688 Қаулысымен 11-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.03.03. № 166 Қаулысымен 11-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11-2. Оралмандарды, пана іздеген адамдарды, босқындарды Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын азаматы болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, әрбір шетелдік Қазақстан Республикасына келуі кезінде болу және кету үшін: ол тұрақты тұратын мемлекеттің аумағындағы ең жақын әуежайға дейін «Экономикалық» сынып бойынша кемінде авиабилеттің құны мөлшерінде; Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен ол тұрақты тұратын мемлекеттің аумағындағы ең жақын станцияға дейін кемінде темір жол (купелі вагон) немесе автомобиль көлігіне, билеттің құны мөлшерінде; болатын әр күніне кемінде екі есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қажетті қаражатының бар екендігін растайтын мәліметтерді ұсынуы тиіс. Қаражатының бар екендігі туралы банктің анықтамасы төлем қабілеттілігін растайтын құжат бола алады; Қазақстан Республикасында болуы және одан шығуы үшін төлем қабілеттілігін растауды тексеруді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады
3. Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктерді тiркеу
ҚР Үкіметінің 2010.03.03. № 166 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктер өздерiмен бiрге осы Тәртiпте белгiленген ретпен тiркелген төлқұжаты болуы және оларды уәкiлеттi мемлекеттік органдардың талап етуi бойынша көрсетуге мiндеттi. Шетелдiк азамат төлқұжатын жоғалтқаны туралы тез арада, азаматтың өтiнiшi бойынша ол туралы анықтама беретiн, iшкi iстер органына хабарлауы қажет. Пана іздеген адамдар, сондай-ақ босқындар Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған пана іздеген адамның куәлігін немесе босқын куәлігін өзімен алып жүруге және оларды уәкілетті мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша көрсетуге міндетті. ҚР Үкіметінің 13.03.03 ж. № 241 қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен 13-тармақ толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.03.03. № 166 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 13. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткен күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде өзiнiң тұрақты немесе уақытша тұратын жерi бойынша тiркелуге мiндеттi. Шетелдіктерді тiркеу жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады. Пана іздеген адамдарды және босқындарды тіркеу Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді. 14. Қазақстан Республикасында шетелдіктердің төлқұжаттарын тiркеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлігі айқындайды. ҚР Үкіметінің 13.03.03 ж. № 241 қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.14.04. № 307 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 15. Тiркеу шетелдiк азаматтың ұлттық паспорты мен визасының қолданылу мерзiмiнен аспайтын кезеңге ресiмделедi. Қазақстан Республикасымен келудiң және болудың визасыз тәртiбi туралы халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген азаматтарды тiркеу отыз тәуліктен ал Кеден одағы елдерінің азамттары үшін тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі және кейіннен дәл осындай мерзімдерге ұзартылуы мүмкін. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға заңда белгiленген тәртiппен ресiмделген рұқсаты бар шетелдіктерді тiркеу осы рұқсаттың қолданылу мерзiмiне ресiмделедi. Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқитын шетелдіктерді тiркеу бiр оқу жылына ресiмделедi. Шетелдіктер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес паспорттарды тiркеуден босатылуы мүмкін. 16. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі мен оның өкiлдiктерiнде: 1) шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелер басшыларының, дипломатиялық қызмет мүшелерiнiң, консулдық лауазым иелерiнiң, дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелердiң әкiмшiлiк-техникалық және қызмет көрсететiн қызметшiлерiнiң, әскери атташе аппараты мен сауда өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң және олардың отбасы мүшелерiнiң, сондай-ақ егер қонақтар көрсетiлген өкiлдiктер мен мекемелердiң аумағында тұратын болса, шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелер басшылары қонақтарының; 2) Қазақстан Республикасына қызметтiк iс бойынша келген және дипломатиялық немесе қызметтiк төлқұжаты бар шетелдiк мемлекеттердiң Сыртқы iстер министрлiктерi қызметкерлерiнiң және олардың отбасы мүшелерінің; 3) Қазақстан Республикасына қызметтiк iс бойынша келген халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғаларының, аталған ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасында штаб-пәтерi бар халықаралық ұйымдардың жанындағы елдер өкiлдiктерiнiң халықаралық шарттарға сәйкес дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттi пайдаланатын қызметкерлерiнiң, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң; 4) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі тиiстi визалар беретiн шетелдiк ұйымдар-инвесторлар басшыларының немесе өзге де басшы қызметкерлерiнiң; 5) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шақыруы бойынша келген адамдардың төлқұжаттары тiркеледi. ҚР Үкіметінің 20.08.04 ж. № 881 қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) 17. Iшкi iстер органдарында осы Тәртiптiң 15-тармағының бесiншi абзацында және 16-тармағында көрсетiлмеген шетелдіктердің паспорттары тiркеледi. Iшкi iстер органдарымен келiсiм бойынша шетелдіктердің паспорттарын тiркеу Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдiк мекемелерi, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерi, тiркеу құқығы берiлген қонақ үйлер арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдiк мекемелерiнде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде және қонақ үйлерде шетелдіктердің паспорттарын тiркеу туралы ақпарат тiркелген күнiнен бастап бес тәулiк iшiнде iшкi iстер органдарына хабарланады. ҚР Yкiметiнiң 17.07.03 ж. № 702 қаулысымен 3-1-бөлiммен толықтырылды 3-1. Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдіктерді есептiк тiркеу
17-1. Дiни-ағартушылық қызмет (бұдан әрi - миссионерлiк қызмет) арқылы қандай да бiр дiн iлiмiн уағыздау және (немесе) таратумен айналысатын шетелдіктерді есептiк тiркеудi жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi. 17-2. Есептiк тiркеу үшiн шетелдіктер төлқұжаты тiркелген сәттен бастап үш тәулiк iшiнде жергiліктi атқарушы органға мынадай құжаттар мен материалдарды: 1) дiни нанымға тиесiлiгiн, миссионерлiк қызметтiң аумағы мен мерзiмiн көрсете отырып, өтiнiштi; 2) миссионерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына дiни ұйым берген сенiмхаттың немесе өзге де құжаттың көшiрмесiн; 3) миссионер мүддесiн бiлдiретiн дiни ұйым өз елiнiң заңнамасына сәйкес ресми тiркелгендiгiн куәландыратын тiркеу туралы куәлiктiң немесе өзге де құжаттың көшiрмесiн; 4) Қазақстан Республикасында тiркелген дiни ұйымның шақыруын; 5) миссионерлiк қызметке арналған әдебиеттi тыңдау, бейне материалдарын және (немесе) өзге де дiни мақсаттағы заттарды ұсынады. Көрсетілген құжаттарды ұсыну кезінде өтініш беруші белгіленген тәртіппен тіркелген төлқұжатын көрсетеді. 17-3. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдіктерді есептік тіркеуді құжат берілген күнінен бастап жеті тәуліктен аспайтын мерзімде жергілікті атқарушы орган жүргізеді.
4. Шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаттар беру
18. Iшкi iстер органдары берген рұқсат, сондай-ақ тұруға ықтиярхат алған шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындар деп танылады. 19. Өзге заңдық негiздемедегi шетелдіктер Қазақстан Республикасына уақытша келген болып саналады. Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктер өздерiн тұрақты тұруға қалдыру туралы өтiнiш жасай алады. ҚР Үкіметінің 2010.03.03. № 166 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 20. Шетелдіктерді Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдырудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі айқындайды. 21. Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаттар: шетелдiк азамат үшiн - шетелдiк азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адам үшiн - азаматтығы жоқ адамның куәлiгi болып табылады. 22. Шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтiнiштi, осы Тәртiптiң 20-тармағына сәйкес белгiленген тәртiппен, уәкiлеттi органдарға бередi. Шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұру құқығына арналған қолда бар құжаттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы немесе жаңасын беру туралы өтiнiштi өздерiнiң тұратын жерi бойынша iшкi iстер органдарына, оның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн екi айдан кешiктiрмей, ал ол жоғалған жағдайда - үш тәулiктен кешiктiрмей бередi. ҚР Үкіметінің 13.03.03 ж. № 241 қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен 23-тармақ толықтырылды 23. Шетелдiк азаматқа және азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген негіздемелер бойынша мыналарға бас тартылуы мүмкiн: 1) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) . Тұрақты тұру рұқсатын және азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкiн. 24. Шетелдіктер өз төлқұжаттарының қолданылу мерзiмi аяқталған күнiнен бастап 6 айдың iшiнде жаңа немесе ұзартылған құжаттарды көрсетпесе, iшкi iстер органдары оларға азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн бередi. Азаматтығы жоқ адамның куәлiгi, егер оның иесi iшкi iстер органдарына жарамды төлқұжатын көрсетсе, ықтиярхатқа ауыстырылады. 25. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар, заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн көзделген тәртіппен, тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тiркеуге жатады.
5. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруы мен транзиттiк өтуi және олардың Қазақстан Республикасында тұратын жердi таңдауы 26. Шетелдіктер Қазақстан Республикасының шетелдiк азаматтардың болуы үшiн ашық аумағы бойынша еркiн жүрiп-тұра және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес тұратын жердi таңдай алады. Жүрiп-тұру мен тұратын жердi таңдаудағы шектеулер, ол: мемлекеттік қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi, халықтың денсаулығы мен өнегесiн сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болғанда Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң немесе Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. 27. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасы бойынша жүрiп-тұруының, сондай-ақ олардың шетелдiк азаматтар үшiн жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) баруының тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі мен Iшкi iстер министрлігі айқындайды. 28. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн шетелдiктердiң Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi үшiн Қазақстан Республикасының транзиттiк визасы ресiмделедi. ҚР Үкіметінің 20.08.04 ж. № 881 қаулысымен 29-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) 29. Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өтуiне, оларда үшiншi елге кiру үшiн жарамды құжаттар (визалар) болған жағдайда, бес тәулiктен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi. |