|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысымен күші жойылды
Шетел азаматтарының паспорттарын тiркеу тәртібін жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртібінде: төртiншi абзац алынып тасталсын; бесiншi абзац «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейiн «дипломаттық, қызметтiк және инвесторлық» деген сөздермен толықтырылсын; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Iшкi iстер органдарында осы Тәртiптiң 15-тармағының бесiншi абзацында және 16-тармағында көрсетiлмеген шетелдiк азаматтардың паспорттары тiркеледi. Iшкi iстер органдарымен келісім бойынша шетелдiк азаматтардың паспорттарын тiркеу Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдiк мекемелерi, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерi, тiркеу құқығы берiлген қонақ үйлер арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдiк мекемелерiнде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде және қонақ үйлерде шетелдiк азаматтардың паспорттарын тiркеу туралы ақпарат тiркелген күнiнен бастап бес тәулiк iшiнде iшкi iстер органдарына хабарланады». 29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «29. Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өтуiне, оларда үшiншi елге кiру үшiн жарамды құжаттар (визалар) болған жағдайда, бес тәулiктен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi.». 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келісім бойынша), Кедендiк бақылау агенттігі және Көлiк және коммуникациялар министрлігі ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн. 3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |