|
|
|
«Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шет елдегi
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шет елдегi мекемелерi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудi жетiлдiру және кәсiби шеберлiгiнiң өсуiн ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шет елдегi мекемелерi қызметкерлерiнiң шет ел валютасындағы лауазымдық жалақысының схемасы № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шет елдегi мекемелерi қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының төлем құралдарындағы лауазымдық жалақысын Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысына теңестiрудiң схемасы № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсiн. 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шет елдегi мекемелерi қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының төлем құралдарындағы жалақысы Сыртқы iстер министрлігі орталық аппараты қызметкерлерiнiң лауазымына теңестiрiлген жалақының 50 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. Мұндай жағдайда Елшiлердiң Қазақстан Республикасының төлем құралдарындағы лауазымдық жалақысы бұрын атқарған мемлекеттік қызметiндегi жалақысының 50 процентiн құрайды, бiрақ Сыртқы iстер министрiнiң бiрiншi орынбасарының жалақысынан төмен болмайды. 4. Дипломатиялық дәрежесi мен шет ел тілін бiлгенi үшiн үстемеақы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң орталық аппараты қызметкерлерiне арналып белгiленген тәртiп пен мөлшерде ақшалай қаржымен төленедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 10 қыркүйектегi № 867 қаулысына № 1 қосымша
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдегi мекемелерi қызметкерлерiнiң шетелдiк валютадағы лауазымдық жалақысының СХЕМАСЫ
__________________________________________________________________ Елшi, Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы өкiлi 100 Өкiл, кеңесшi-өкiл, Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы өкiлiнiң бiрiншi орынбасары /орынбасары/, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы өкiлi 95 Бас консул-мекеме басшысы, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы өкiлiнiң орынбасары 93 Консул-мекеме басшысы 90 Кеңесшi 87-92 Бас консулдықтағы консул 82-87 Бiрiншi хатшы, бас бухгалтер 77-82 Екiншi хатшы, бөлiм /референтура, консул,баспасөз/ меңгерушiсi, бас консулдықтағы вице-консул, консулдықтағы вице-консул, консулдық агент, аға бухгалтер 72-77 Үшiншi хатшы, инженер, бухгалтер 67-72 Атташе, референтура бөлiмiнiң меңгерушiсi, дәрiгер 62-67 Аға референт, аға стажер-референт, хатшы /бас консулдықтың, консулдықтың,консулдық бөлiмнiң/ аудармашы 57-62 Референт, хатшы-референт, стажер-референт, шет тiлдердiң оқытушысы 52-57 Меңгерушi/шаруашылық, кеңсе, гараж/ комендант, техник, кезекшi референт 50 Стенографияшы, телетайпшы, радист, кiтапханашы, механик, жүргiзушi-механик 45 Кезекшi комендант, кассир, машинкашы, арнаулы күзет курьерi, бағбан, аспаз, медбибi, біліктi жұмысшы, жүргiзушi 40 Аула сыпырушы, күзетшi 35 Қызмет көрсетушi басқа да қызметшiлер /үй сыпырушы,әр түрлi жұмыстар iстеушi және басқалар/ 26
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 10 қыркүйектегi № 867 қаулысына № 2 қосымша Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шет елдегi мекемелерi қызметкерлерiнiң лауазымдарын министрлiктiң орталық аппаратының лауазымдарына теңестiру СХЕМАСЫ
___________________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер | Қазақстан Республикасының министрлігінiң шет елдегi | Сыртқы iстер министрлігі мекемелерiнiң лауазымдары | орталық аппаратының лауазымдары ___________________________________________________________________ Елшi, Қазақстан Республикасының БҰҰ Министрдiң бiрiншi орынбасары жанындағы өкiлi Өкiл, кеңесшi-өкiл, Қазақстан Министрдiң орынбасары Республикасының БҰҰ жанындағы өкiлiнiң бiрiншi орынбасары /орынбасары/, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы өкiлi Бас консул - мекеме басшысы, Қазақстан Басқарма бастығы Республикасының халықаралық ұйым жанындағы өкiлiнiң орынбасары Консул-мекеме басшысы Басқарма бөлiмiнiң бастығы Кеңесшi, бас консулдықтағы консул Кеңесшi Бiрiншi хатшы Бiрiншi хатшы Екiншi хатшы, бөлiм /консулдық, Екiншi хатшы баспасөз/меңгерушiсi, бас консулдықтағы вице-консул,консулдықтағы вице-консул, консулдық агент Үшiншi хатшы Үшiншi хатшы
Атташе Атташе
Аға референт,аға стажер-референт, Аға референт хатшы/бас консулдық,консулдық, консулдық бөлiм/, аудармашы Референт, хатшы-референт, стажер-референт Референт
Бас бухгалтер Бас маман Аға бухгалтер, референтура Жетекшi маман Референтура бөлiмiнiң меңгерушiсi, бухгалтер, инженер, дәрiгер, шет тiлдер оқытушысы I санаттағы маман Референтураның аға референтi II санаттағы маман Кеңсе меңгерушiсi маман Кеңсе меңгерушiсi Кеңсе меңгерушiсi Шаруашылық меңгерушiсi Шаруашылық меңгерушiсi Комендант, кезекшi комендант Комендант Кассир Кассир Стенографияшы I санаттағы стенографияшы Машинкашы I санаттағы машинкашы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |