«Қазақстан Республикасының жiктеуіштер (анықтамалықтар)
Осы редакция 2005 ж. 1 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу және кодтау, өнiмдi каталогтау жүйесiн үйлестiру және дамыту, Қазақстан Республикасы жiктеуiштерiнiң (анықтамалықтарының) бiрыңғай қорын құру және өзектi жағдайда ұстау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жiктеуiштер (анықтамалықтар) депозитарийi туралы ереже бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының жiктеуiштер (анықтамалықтар) депозитарийiн (бұдан әрi - Депозитарий) құру жөнiнде шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) Депозитарий қызметiн ұйымдастыру жөніндегі уәкiлеттi орган болып белгiленсiн. 4. Мемлекеттік жiктеуiштердi (анықтамалықтарды) әзiрлеуге, бекітуге және жүргiзуге жауапты мемлекеттік органдар 2004 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде Комитетке олардың электронды және қағаз жеткiзушiлерде берiлуiн қамтамасыз етсiн. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
?кіметінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегi № 926 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жіктеуіштер (анықтамалықтар) депозитарийi туралы ереже Осы Қазақстан Республикасының жiктеуіштер (анықтамалықтар) депозитарийi туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеуіштер (анықтамалықтар) депозитарийінің (бұдан әрi - Депозитарий) қызметін ұйымдастырудың құқықтық негiздерiн және мәртебесiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында техника-экономикалық ақпаратты жiктеу және кодтау жүйелерiн дамытуға мүдделi Депозитарий субъектiлерi арасындағы өзара iс-қимыл тетігін анықтайды. 1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) Депозитарий - техника-экономикалық ақпаратты жiктеуіштер (анықтамалықтар) жиынтығынан тұратын, ведомствоаралық сипаты бар олардың қалыптасуын, есепке алынуын, сақталуын, көкейкестi етiлген (бұдан әрi көкейкестi ету) жағдайда ұсталуын қамтамасыз ететiн, Депозитарийдi пайдаланушылар мүддесiне ақпараттық және нормативтiк қамтамасыз ететiн арнайы қор; 2) депозитарлық қызмет - техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуіштерiн (анықтамалықтарын) әзiрлеу және қолдану саласында қалыптастыру, есепке алу, сақтау, көкейкесті ету, ақпараттық және нормативтiк қамтамасыз ету жөнiндегі Депозитарий субъектiлерінің қызметi; 3) Депозитарийдің жеткiзушілерi - техника-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуіштерiн (анықтамалықтарын) әзiрлеуге, бекітуге және жүргiзуге жауапты мемлекеттік басқару органдары; 4) Депозитарийдiң пайдаланушылары - депозитарийдегi ақпаратты және жiктеуіштердi (анықтамалықтарды) пайдалануға мүдделi жеке және заңды тұлғалар. 2. Депозитарий стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік стандарттар қорының құрамдас бөлігi болып табылады. 3. Өзiнiң жұмысында Депозитарий осы ереженi, Мемлекеттік стандарттар қорының жұмысын анықтайтын нормативтік құжаттарды, Депозитарий ережелерiн және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерiн басшылыққа алады. 4. Депозитарий қызметi мүдделi тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрамайтын бөлiгiнде қолжетерлiк, ашық және мөлдiр болуы тиiс. 3. Депозитарлық қызмет және Депозитарий субъектiлерiнiң функциялары 5. Депозитарлық қызмет объектілерi Қазақстан Республикасының экономикасы салаларында есепке алуға жататын статистикалық есептілiк жүйесiнде, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының түрлi ақпараттық жүйелерiнде пайдаланылатын техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерi (анықтамалықтары) болып табылады. 6. Депозитарий субъектілерi стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлетті орган, Депозитарийдiң жеткiзушілерi және пайдаланушылары болып табылады. 7. Депозитарий субъектілерi мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілеттi орган депозитарлық қызмет саласында: Депозитарий мен Депозитарий жеткiзушілерiнiң қызметiн ұйымдастырады және үйлестiредi; техникалық-экономикалық ақпараты жiктеуiштерiмен алмасу және Депозитарийдi толықтыру мақсатында Депозитарийдiң жеткiзушілерiмен, шетел мемлекеттерiнiң стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдарының ақпараттық орталықтарымен және нормативтiк қорларымен бірге iс-қимыл жасайды; техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiн (анықтамалықтарын) қалыптастыруды, есепке алуды, сақтауды және көкейкестi етудi ұйымдастырады; Мемлекеттік жiктеуiштердi (анықтамалықтарды) әзiрлеу жөніндегі бағдарламалар мен жоспарларды, Депозитарийдегі техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік және халықаралық жiктеуiштерi туралы мәлiметтерді, оларды қолдану, өзгерістер мен толықтырулар енгізу ережелерiн белгіленген тәртiппен жария етудi ұйымдастырады; Қазақстан Республикасында қолданыстағы техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi (анықтамалықтары) жөнiнде электронды анықтамалық-библиографиялық және толық мәтiндi дерекқорлар қалыптастыруды ұйымдастырады; техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiн электронды және (немесе) қағаз тасымалдаушыларда шығаруды және таратуды ұйымдастырады. 2) Депозитарийдің жеткiзушілерi: техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiн (анықтамалықтарын) шығаруды жүзеге асырады; мүдделi тұлғаларды техника-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiмен (анықтамалықтарымен) қамтамасыз етедi; Депозитарийға техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiн (анықтамалықтарын) олардың әзiрленуіне қарай және оларды бекiткеннен кейiн екi апталық мерзiмнен кешіктiрмей берудi қамтамасыз етедi; Депозитарийға техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiне (анықтамалықтарына) өзгерістер мен толықтыруларды, олар бекiтілгеннен кейiн екi апталық мерзiмнен кешiктiрмей құжаттарды көкейкестi етілген жағдайда ұстау үшiн берудi жүзеге асырады. 8. Депозитарийдің пайдаланушылары: техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiмен (анықтамалықтарымен) жұмыста депозитарлық қызмет саласында қолданыстағы нормативтiк құжаттар ережелерiн басшылыққа алады; техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерін (анықтамалықтарын) шығаруға, қайта шығаруға және таратуға құқығы жоқ. 9. Депозитарий ережесi Депозитарий субъектілерінiң өзара қарым-қатынасын, құжаттармен жұмыс жүргiзу тәртібін анықтайды. 10. Депозитарий ережесін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган әзiрлейдi және бекiтедi. 11. Көрсетілген ережелердi сақтау Депозитарийдің барлық субъектілерi үшiн мiндетті болып табылады. 5. Депозитарий субъектiлерiнiң жауапкершілiгi 12. Депозитарий субъектілерi оған берiлген және сақталатын техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуіштерінің (анықтамалықтарының) көкейкестілігi үшiн өзiнің құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады. |