Ақпараттық қызмет көрсету нысандарын бекіту туралы
ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 113 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті туралы ереженің 16-тармағының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған ақпараттық қызмет көрсету нысандары бекітілсін: 1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (1 қосымша); 2) кондоминиум объектіcін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (2 қосымша); 3) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (3 қосымша); 4) жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (4 қосымша). 2. «Ақпараттық қызмет көрсету нысандарын және Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру және күшін жою тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 295 бұйрығының күші жойылсын. 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|