|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 (2005.21.12. берілген өзгерістерімен)
"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: II "Шығындар" бөлiмiнде: 13 "Басқалар" функционалдық тобында: 09 "Басқалар" iшкi функциясында: 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" әкiмшiсi бойынша: 010 "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резерві" бағдарламасында: 100 "Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервi" кiшi бағдарламасында "6599600" деген сандар "3875899" деген сандармен ауыстырылсын; 101 "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервi" кiшi бағдарламасында "9159313" деген сандар "11883014" деген сандармен ауыстырылсын. ҚР Үкіметінің 2005.21.12. № 1261 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын ұйымдастыруға және өткiзуге 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен 2892763000 (екі миллиард сегіз жүз тоқсан екі миллион жеті жүз алпыс үш мың) теңге бөлiнсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |