|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
Осы Заңды iске асыру туралы ҚР Үкіметінің 08.12.04 ж. № 1289 қаулысын қара 1-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекiтілсiн: 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) кiрiстер - 1 230 826 352 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер - 1 090 664 073 мың теңге; салықтық емес түсiмдер - 36 624 437 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер - 8 529 327 мың теңге; ресми трансферттердің түсiмдерi - 95 008 515 мың теңге; 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) шығындар - 1 196 359 917 мың теңге; 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) операциялық сальдо - 34 466 435 мың теңге; 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара 4) таза бюджеттік кредиттеу - 48 002 548 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттік кредиттер - 60 459 925 мың теңге; бюджеттік кредиттердi өтеу - 12 457 377 мың теңге; 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара 5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 100 228 111 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерін сатып алу - 102 228 111 мың теңге; мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсімдер - 2 000 000 мың теңге; 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара 6) тапшылық - 113 764 224 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 1,7 процентi; 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 113 764 224 мың теңге. 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара 2 бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте мынадай түсімдер көзделсiн: Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшiн 14 950 000 мың теңге сомасында жалдау ақысы; Ресей Федерациясының әскери полигондарды пайдаланғаны үшін республикалық бюджеттiң кiрiстерiнде көрсетiлетiн 3 575 000 мың теңге сомасында жалдау ақысы, оның: 416 000 мың теңгесі ақшалай түседі; 3 159 000 мың теңгесi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы сынақ полигондарын жалға беру туралы шарттарда айтылған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады және оны 007 "Сынақ полигондарын жалға беру туралы мемлекетаралық шарттарға сәйкес қару-жарақ және әскери техниканы жеткізу және жөндеу" және 011 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби білімдi мамандар даярлау" республикалық бюджеттік бағдарламалары бойынша шығыстарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі пайдаланады. 3-бап. Шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке есептелетiн түсiмдердiң 2005 жылға арналған көлемдерi 2-қосымшаға сәйкес бекiтілсiн. 4-бап. Республикалық меншіктегі және тау-кен өндiру мен өңдеу салаларына жататын мүлiктi жекешелендiруден 2005 жылға арналған республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 3-қосымшаға сәйкес бекітілсiн. 5-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне: бірыңғай бюджеттік сыныптаманың кiрiстер сыныптамасының "Роялти" коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың Жер қойнауын қорғау және минералдық-шикізат базасын ұдайы молықтыру жөніндегі республикалық қор алдындағы берешегi, сондай-ақ келісімшарттық аумақтарды геологиялық зерттеуден мемлекет шеккен, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың негiзiнде осы кен орындарын пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушылар өтейтін тарихи шығындар сомалары; бiрыңғай бюджеттік сыныптаманың кiрiстер сыныптамасының "Әлеуметтiк салық" коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар жөніндегі берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсіп келген аударымдары; "Өндiрушілер көтерме саудада сататын, өзі өндiретiн бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) коды бойынша - бұрын Жол қорына түсіп келген бензиннен алынатын алым бойынша берешек; "Өндiрушiлер көтерме саудада сататын, өзі өндiретiн дизель отыны" коды бойынша - бұрын Жол қорына түсіп келген дизель отынынан алынатын алым жөніндегі берешек есептелетін болып белгіленсiн. 6-бап. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп келген, еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктілігі мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге жұмыс берушілер есептеген жәрдемақы сомаларының көрсетiлген қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуi нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған теріс сальдо ай сайын жалақы қорының 3 проценті шегінде әлеуметтік салық төлеу есебіне есептеледі. 7-бап. Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың 2005 жылға арналған көлемдері 95 008 515 мың теңге сомасында, оның iшiнде: Ақтөбе облысынан - 1 371 334 мың теңге; Атырау облысынан - 28 989 102 мың теңге; Маңғыстау облысынан - 15 989 138 мың теңге; Алматы қаласынан - 45 357 967 мың теңге; Астана қаласынан - 3 300 974 мың теңге болып белгіленсiн. 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 8-бап толықтырылды (бұр. ред. қара 8-бап. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап: 1) жалақының ең төменгі мөлшерi - 7 000 теңге; 2) зейнетақының ең төменгi мөлшерi - 6 200 теңге; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептiк көрсеткiш 971 теңге мөлшерiнде белгiленсiн. 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап: 1) жалақының ең төменгi мөлшерi - 9200 теңге; 2) базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi - 3 000 теңге болып белгiленсiн.
2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара 9-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте бала тууға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылатын бiржолғы мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге 3 622 775 мың теңге сомасында шығыстар көзделсiн. 10-бап. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшілерден басқа), сондай-ақ Қазақстан Республикасы iшкi істер органдарының жедел-iздестiру, тергеу және саптық бөлiмшелерiнiң, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының, Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің, қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтер көрсету шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 430 теңге сомасында белгiленсiн. 11-бап. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялар мөлшерлерi 2005 жылға 133 027 541 мың теңге сомасында, оның iшiнде: Ақмола облысына - 13 864 414 мың теңге; Алматы облысына - 15 418 795 мың теңге; Шығыс Қазақстан облысына - 15 469 332 мың теңге; Жамбыл облысына - 15 058 444 мың теңге; Батыс Қазақстан облысына - 7 664 947 мың теңге; Қарағанды облысына - 5 026 153 мың теңге; Қостанай облысына - 9 478 426 мың теңге; Қызылорда облысына - 11 009 439 мың теңге; Павлодар облысына - 1 258 887 мың теңге; Солтүстiк Қазақстан облысына - 11 461 369 мың теңге; Оңтүстiк Қазақстан облысына - 27 317 335 мың теңге болып белгiленсiн. 12-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тұрмыс-тiршілігін қамтамасыз ету жағдайлары туралы келісімге сәйкес Қарағанды облысы Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға 100 000 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін. 13-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілетiн оралмандардың көшiп келуiнiң 2005 жылға арналған квотасы бойынша келген оралмандардың отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге 8 044 223 мың теңге сомасында және оралмандардың көшiп келуiнің 1993-1998 жылдарға арналған квотасына енгiзiлген және тұрғын үймен қамтамасыз етiлмеген оралмандардың отбасыларына 841 090 мың теңге қаражат көзделсін. Көрсетілген оралмандардың отбасыларына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен отбасының бiр мүшесiне жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiш есебiнен қаражат бөлінеді деп белгiленсiн. 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара 14-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мынадай мөлшерлерде: мемлекеттік білім беру ұйымдарының үлгi штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге - 2 947 277 мың теңге; жаңадан iске қосылатын білiм беру объектілерiн ұстауға - 2 251 428 мың теңге; арнаулы (түзету) білім беру ұйымдарын арнайы техникалық және орнын толтырушы құралдармен қамтамасыз етуге - 202 894 мың теңге; жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға 107 052 мың теңге; дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа иммунды биологиялық препараттарды сатып алуға - 4 163 745 мың теңге; жергіліктi деңгейдегi қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға - 200 000 мың теңге; Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына бiржолғы материалдық көмек көрсету үшiн - 1 109 618 мың теңге; Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының ТМД елдерi бойынша жылына бiр рет темір жол көлiгімен жол жүруiн қамтамасыз етуге 116 602 мың теңге; ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда әлеуметтiк маңызы бар темір жол жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға - 1 107 800 мың теңге; мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың бiрiншi және екiншi разрядтағы жұмысшыларының лауазымдық айлықақыларын (ставкаларын) есептеу үшін коэффициенттердің мөлшерлерін ұлғайтуға - 365 712 мың теңге жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негiзiнде кәсіптiк орта оқу орындарында оқитын студенттерге стипендиялардың мөлшерiн ұлғайтуға - 855 943 мың теңге; жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негiзiнде кәсіптiк орта оқу орындарында оқитындар үшiн жол жүруге өтемақыларды төлеуге - 271 258 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерiлсiн. Көрсетiлген сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде айқындалады. 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 14-1-баппен толықтырылды 14-1-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік мекемелepдің мемлекеттік қызметшi болып табылмайтын қызметкерлерiнiң және қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң жалақысын көбейтуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 31 018 414 мың теңге, оның iшiнде: Ақмола облысына - 1 945 051 мың теңге; Ақтөбе облысына - 1 631 913 мың теңге; Алматы облысына - 2 466 724 мың теңге; Атырау облысына - 1 132 107 мың теңге; Шығыс Қазақстан облысына - 2 781 927 мың теңге; Жамбыл облысына - 1 959 513 мың теңге; Батыс Қазақстан облысына - 1 597 968 мың теңге; Қарағанды облысына - 2 814 429 мың теңге; Қостанай облысына - 1 815 852 мың теңге; Қызылорда облысына - 1 898 873 мың теңге; Маңғыстау облысына - 846 659 мың теңге; Павлодар облысына - 1 717 511 мың теңге; Солтүстік Қазақстан облысына - 1 667 031 мың теңге; Оңтүстiк Қазақстан облысына - 4 127 241 мың теңге; Алматы қаласына - 1 784 479 мың теңге; Астана қаласына - 831 136 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсiн.
2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара 15-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 4 104 697 мың теңге сомасында, оның iшiнде: жалпы орта білім беретiн мемлекеттік мекемелердi Интернетке қосуға және олардың трафигiн төлеуге - 500 000 мың теңге; жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердiң кiтапхана қорларын жаңарту үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерін сатып алуға және жеткізуге - 789 300 мың теңге; жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға - 2 023 300 мың теңге; кәсiптiк бастауыш білім беретiн мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 286 100 мың теңге; облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктiлiгiн арттыру институттарында педагог қызметкерлердi қайта даярлауға және олардың бiліктілігін арттыруға - 430 997 мың теңге; облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктiлiгін арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 75 000 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгенi ескерiлсiн. Көрсетiлген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлудi және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 16-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 7 593 325 мың теңге, оның ішінде: мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде кәсiптiк орта білім беру бойынша оқыту құнын ұлғайту жөніндегі шығыстарды өтеуге - 95 631 мың теңге; медициналық кадрлардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердiң біліктілігiн арттыруға және оларды қайта даярлауға - 149 771 мың теңге; 5 жасқа дейiнгi балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 532 285 мың теңге; жүкті әйелдерді құрамында темір және йоды бар препараттармен қамтамасыз етуге - 736 794 мың теңге; азаматтардың жекелеген санаттарын медициналық алдын-алу тексерулерiн жүзеге асыруға - 847 844 мың теңге; жергiлiктi деңгейдегi медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға - 5 231 000 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгенi ескерiлсiн. Көрсетiлген ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлудi және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара 17-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте қалалық телекоммуникация желілерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк жағынан қорғалатын азаматтардың телефон үшiн абоненттік төлем тарифінің көтерiлуiн өтеуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 70 963 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер ескерілсiн. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлiнiсiнде телефон үшін абоненттiк төлем тарифтерiнің көтерiлуiн өтеуге сомалардың бөлiнуiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 18-бап өзгертілді (бұр. ред. қара 18-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте электр энергиясы тапшылығын жабу және Оңтүстiк Қазақстанның тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия беретiн ұйымдар өндірген электр энергиясы үшiн тарифтердің көтерiлуiн өтеу шығыстары 1 075 175 мың теңге сомасында ескерiлсiн, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады. 19-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыруға 300 000 мың теңге, оның ішінде: облыстық бюджеттерге экономикасы күйзелiске ұшыраған шағын қалаларды дамытуға нысаналы даму трансферттері - 278 500 мың теңге; облыстық бюджеттерге экономикасы күйзелiске ұшыраған шағын қалалардың тiршiлiк ету объектiлерiн күрделi жөндеуге ағымдағы нысаналы трансферттер - 21 500 мың теңге көзделсін. 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара 20-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде ауылдың әлеуметтiк инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға 16 300 000 мың теңге, оның iшiнде: ауылдық (селолық) жердiң денсаулық сақтау ісінде ұтқыр және телемедицинаны дамытуға - 400 000 мың теңге; нысаналы даму трансферттерi: ауылдық (селолық) елді мекендердi ауыз сумен қамтамасыз ету объектiлерiн салуға және қайта жаңартуға - 4 300 000 мың теңге; ауылдық (селолық) жерлерде білім беру объектілерiн салуға және қайта жаңартуға - 6 000 000 мың теңге; ауылдық (селолық) жерлерде денсаулық сақтау объектілерiн салуға және қайта жаңартуға - 5 600 000 мың теңге сомасында шығындар көзделсiн. Көрсетiлген нысаналы даму трансферттері қаражаты есебiнен 2005 жылы салуға және қайта жаңартуға жататын ауылдық (селолық) жердiң білiм беру, денсаулық сақтау және ауыз сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 21-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте қалаларда білім беру мен денсаулық сақтаудың аса маңызды объектілерiн салуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 5 000 000 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттерi көзделсiн. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен 2005 жылы салуға және қайта жаңартуға жататын қалалардағы және облыс орталықтарындағы білім беру мен денсаулық сақтаудың аса маңызды объектiлерiнің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара 22-бап. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдауға арналған шығыстарының құрамында 8 101 211 мың теңге, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiмен айқындалатын тәртiппен мыналарға байланысты іс-шараларды қаржыландыруға: тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға - 921 470 мың теңге; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға - 1 524 451 мың теңге; өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға - 1 200 000 мың теңге; ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілерге су жеткізу жөнінде көрсетілетiн қызметтер құнын субсидиялауға - 1 131 899 мың теңге; өсiмдiк шаруашылығындағы сақтандыруды қолдауға - 2 000 000 мың теңге; екіншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдейтiн кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға - 1 000 000 мың теңге; ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлері мен топтарының тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге - 66 000 мың теңге; ауыл шаруашылығы техникасының қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге - 237 292 мың теңге; ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтiн кәсіпорындарға арналған жабдықтардың қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге - 20 099 мың теңге көзделсін. 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 23-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 23-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттер 13 657 725 мың теңге сомасында көзделсін. 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара 24-бап. Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2005 жылға арналған резервi 16 358 913 мың теңге сомасында бекітілсiн.
25-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте бұрынғы жылдардың мiндеттемелерiн орындауға 1 240 605 мың теңге, оның ішінде: Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігiне жүргiзушi куәлiктерiн, көлік құралдарын мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды және тiркеу нөмiрi белгiлерiн жасауға - 597 986 мың теңге; Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне Қазақстан Республикасының меншiгiне шетелден жылжымайтын мүлiктi сатып алуға - 201 894 мың теңге; Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлiктерiн жасауға - 233 500 мың теңге; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылар төлеуге - 200 000 мың теңге; Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне 2002 жылы жұмылдыру тапсырмалары болған және жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтарының сақталуын жүзеге асырған ұйымдарға қызметтерiне ақы төлеуге - 7 225 мың теңге көзделсiн. 26-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына арнап облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 6 300 000 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттерi көзделгенi ескерiлсiн. Аталған трансферттердi бөлудi және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайды. 27-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үй саясатын iске асыру шеңберiнде тұрғын үй құрылысына сыйақының (мүдденің) нөлдiк ставкасы бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кредит беруге 42 000 000 мың теңге көзделсiн. 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 28-бап өзгертілді (бұр. ред. қара 28-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте тұрғын үй құрылыс жинағына салымдар бойынша сыйлықақылар төлеуге 25 287 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн. 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 29-бап өзгертілді (бұр. ред. қара 29-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте "Тұрғынүйқұрылысбанк" жабық акционерлік қоғамы арқылы алынған жеңiлдiктi тұрғын үй кредиттерi қарыз алушыларының 2004 жылғы төлемдері бойынша бағамдық айырманы төлеуге 50 997 мың теңге көзделсiн. 30-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстандық ипотекалық компания" акционерлік қоғамының акцияларын сатып алуға 2 500 000 мың теңге көзделсiн. 31-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте "Маңғышлақ атом энергиясы комбинаты" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының мүлiк кешенiн сатып алу нәтижесінде туындаған салықтық мiндеттемелерiн өтеу және оның негiзгi қорларын нарықтық құн деңгейiне дейiн қайта бағалау үшін "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 4 471 118 мың теңге, оның iшiнде: резидент заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша - 4 222 537 мың теңге; Қазақстан Республикасының аумағында өндiрілген тауарларға, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы бойынша - 248 581 мың теңге көзделсiн. 2005.16.05. № 49-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 32-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара 32-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң мемлекеттік материалдық резервтi қалыптастыру мен сақтауға арналған шығындары құрамында, жаңалау тәртібімен шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен сомаларды республикалық бюджеттiң кiрiстерiнде көрсете отырып, мемлекеттік материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын жаңалауға 2 265 691 мың теңге сомасында қаражат көзделгенi ескерілсін.
33-бап. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкiметінiң Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалардың тiзбесi мен берешектер көлемдері бойынша, мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелерді орындауға бөлiнген кредиттер мен қаражаттар жөніндегі талаптары тоқтатылатын болып белгіленсiн.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |