Сенімхат негізінде көлік құралдарын пайдаланатын адамдарды тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы
ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен күші жойылды
Сенімхат негізінде көлік құралдарын пайдаланатын адамдарды тіркеу кезінде ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелері қызметінің тиімділігін одан әрі жетілдіру және арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Сенімхат негізінде көлік құралдарын пайдаланатын адамдарды тіркеу және есепке алу ережесі бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана, Алматы қалалары ІІД-нің бастықтары жол полициясы қызметкерлерінің Ереже талаптарын зерделеуін және орындауын қамтамасыз етсін. 3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж. Шпекбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаментіне (Ө.Т. Түсімов) жүктелсін. 4. Осы бұйрық ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 тамыздағы № 504 бұйрығымен бекітілген
Сенімхат негізінде көлік құралдарын пайдаланатын адамдарды тіркеу және есепке алу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінде (бұдан әрі - жол полициясы бөлімшелері) сенімхаттар негізінде көлік құралдарын пайдаланатын адамдарды (бұдан әрі - сенімді адамдар) тіркеудің және есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілейді. 2. Сенімді адамдарға белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
3. Сенімді адамдарды тіркеу және есепке алу "Сенімхат" автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесін (бұдан әрі - ААІЖ) құру арқылы жүзеге асырылады. Осы ретте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) Ақпараттандыру және байланыс департаментінің (бұдан әрі - АжБД) автоматтандырылған деректер банкі бойынша, сондай-ақ тіркеу фактісі бойынша көлік құралдарын автоматты түрде тексеру орындалады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|