Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және Қазақ КCP Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы (2015.28.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жeдeл жаңару жолында» атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөніндегi жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын орындаудың желілік кестесiнің 58.5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгізiлетін өзгерістер бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақ КCP Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 964 қаулысымен бекітiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетін өзгерістер
1. «Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелерiн берудiң тәртібi мен шарттары жөніндегi epeжeнi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1996 жылғы 7 маусымдағы № 720 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 27, 235-құжат): кiрiспедегі «Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2730 Жарлығының 26-бабының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 маусымдағы Заңының 24-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|