Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің Кедендік бақылау Осы редакция 2005 ж. 5 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Web-декларант" электронды декларациялау кешенін енгізу мақсатында бұйырамын: 1. Кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыру үшін "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі (бұдан әрі - ҚР КБА) Ақпараттық технологиялар департаментінің бастығы (В.И.Пшеничников) "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін пайдалану жөніндегі ақпараттың ҚР КБА Web-сайтында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Кедендік бақылау департаменттері мен кедендерінің (бұдан әрі - КБД және кедендер) бастықтары: 1) "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін қолдана отырып кеден құжаттарының электронды көшірмелерін ұсынудың электронды тәсілін енгізу туралы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен брокерлерді хабардар етуді қамтамасыз етсін; 2) "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін қолдана отырып кеден құжаттарының электронды көшірмелерін ұсынудың электронды тәсілін енгізу мәселесі бойынша консультативтік кеңестер өткізсін; 3) "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін орнату үшін пайдаланылатын Кедендік Автоматтандырылған Ақпараттық Жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етумен бірге кедендік ресімдеу орталықтарына және автоматтандырылған кеден бекеттеріне кемінде 1 компьютерден бөлсін; 4) кедендік ресімдеудің бірінші кезеңінде құжаттар қабылдауға жауап беретін мамандардың ішінен "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қабылдауға жауапты адамдарды тағайындасын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|