|
|
|
«Бензин әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы» (2006.06.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды
Ел экономикасының мұқтаждықтары үшiн бензиннiң қажеттi қорын құру мақсатында және 2003 жылғы 5 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2005.31.12. № 1332 (бұр.ред.қара); 2006.06.02. № 70 қаулыларымен 1- тармақ өзгертілді 1. Осы қаулы қолданысқа енгізiлген сәттен бастап 2006 жылғы 28 ақпан кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль бензинін (ЕурАзЭҚ СЭҚ TH коды - 2710 11 410 0 - 2710 11 590 0) әкетуге тыйым салынсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендiк бақылау комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгiленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының аумағынан бензинді әкетуге тыйым салуды енгізгені туралы хабардар етсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |