Донорларды марапаттау ережесін бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а.2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 Бұйрығымен күші жойылды (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
«Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Донорларды марапаттау ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Марапаттаудың салалық жүйесінің кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2691 тіркелген) 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 39 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерін марапаттау тәртібі туралы ережеде: 4-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын; 3-тарау алынып тасталсын; 18-тармақтың 2) тармақшасындағы «Құрметті донор» кеуде белгісімен» деген сөздер алынып тасталсын; 22-тармақтағы: «кеуде белгілері» деген сөздер «кеуде белгісі» деген сөздермен ауыстырылсын; "«Құрметті донор»,»деген сөздер алынып тасталсын; 26-тармақтағы: «кеуде белгілері» деген сөздер «кеуде белгісі» деген сөздермен ауыстырылсын; «және «Құрметті донор»,»деген сөздер алынып тасталсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-алдын алу ісі департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсін. 6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|