|
|
|
Гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігi мәселелері жөнiндегі үйлестiру кеңесін құру туралы (2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 488 Қаулысымен күшi жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 353 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігi мәселелерi жөніндегі үйлестірудi күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 353 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелерi жөнiнде үйлестіру кеңесi құрылсын. ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 353 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қоса беріліп отырған Гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімдiлігі мәселелерi жөніндегі үйлестіру кеңесi туралы epeжe бекітілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2006.13.07. № 668 (бұр. ред. қара); 2007.20.03. № 224 (бұр.ред.қара) қаулыларымен қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.24.06. № 705 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 353 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен құрамы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 19 қазандағы № 1047 қаулысына қосымша
Гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиiмдiлігі
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары, хатшы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дүниежүзілік Банктің Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі (келісім бойынша) Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі (келісім бойынша) Азия Даму Банкінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы (келісім бойынша) Еуропа Одағының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы (келісім бойынша) Ислам Даму Банкінің Қазақстан Республикасындағы өңірлік өкілдігінің директоры (келісім бойынша) Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттiгiнің Қазақстан Республикасындағы сарапшысы, Жобаларды қалыптастыру жөніндегі кеңесші (келісім бойынша) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Астана қаласындағы өкілдігінің басшысы (келісім бойынша) Түркия халықаралық ынтымақтастық агенттiгiнің Қазақстандағы өкілі (келісім бойынша) Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының тұрақты өкілі (келісім бойынша) Америка халықаралық даму агенттiгiнің Астана қаласындағы офисінің басшысы (келісім бойынша)
Үкіметінiң 2005 жылғы 19 қазандағы № 1047 қаулысымен бекiтiлген
Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігi мәселелерi жөнiндегі үйлестiру кеңесi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелерi жөнiндегі үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметi жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ қызметi Кеңестiң мақсаттары мен міндеттерiне қайшы келмейтін қарыз берушілермен және донорлармен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады. 4. Кеңес шешімдерi ұсынымдық сипатта болады.
2. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары
5. Кеңестiң негiзгi міндеттерi: 1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарының қарыз берушiлермен және донорлармен ынтымақтастығының қысқа мерзiмдi және орта мерзiмдi мiндеттерi жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру; 2) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлауға, тартуға және пайдалануға байланысты проблемалық мәселелердi талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды шешу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және тиімдi пайдалану жөніндегі мәселелерді шешуге жәрдемдесу; 4) халықаралық құқық нормаларына сәйкес мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдiру жөніндегi ұсынымдар мен ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады. 6. Негізгі мiндеттердi орындау мақсатында Кеңес мынадай функцияларды атқарады: 1) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі ұсыныстарды, мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлауды, тартуды және пайдалануды үйлестiрудiң проблемалық мәселелерiн қарайды; 2) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды тиімді жоспарлау, тарту және пайдалану мәселелерi жөніндегі ұсыныстарды, ұсынымдар мен консультативтiк қорытындыларды дайындайды және Қазақстан Республикасының Үкiметіне енгізеді; 3) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды тарту және пайдалану жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына консультациялық жәрдем көрсетеді; 4) Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамасының мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және тиімді пайдалану мәселелерi бойынша халықаралық құқық нормаларына сәйкес келу мәнiне талдау жасайды.
7. Кеңес өз мiндеттерiн жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті құжаттарды, материалдарды және ақпаратты сұратады; 2) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және тиімдi пайдалану мәселелерi жөнiнде ұсынымдар бередi; 3) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды үйлестiруге байланысты мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді; 4) Кеңес құзыретiне кiретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарының өкiлдерiн, қарыз берушілер мен донорларды Кеңес отырыстарына шақырады және тыңдайды; 5) Кеңес шеңберінде әлеуметтiк-экономикалық қызметтің жекелеген бағыттары бойынша арнайы жұмыс топтарын құрады.
8. Кеңестi төраға басқарады. 1) Кеңес жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады; 2) Кеңес отырыстарында төрағалық етеді; 3) Қазақстан Республикасы Үкiметінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында Кеңес жұмысының қорытындылары туралы есеп бередi. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Кеңес хатшысы: 1) Кеңес жұмысының жоспарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi; 2) ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін хатшы хаттама ресімдейді; 4) Кеңес мүшелерiн және қарыз берушiлер мен донорлардан шақырылған өкiлдердi Кеңестiң кезектi отырысының өткізiлетiн орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабардар етедi; 5) Кеңес отырыстары хаттамаларының үзiндiлерiн өз қолымен растайды. 11. Кеңес отырыстары қажеттілігiне қарай, бiрақ кемiнде жылына бiр рет өткiзiледi және егер Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып саналады. 12. Төраға болмағанда отырыстарға Кеңес төрағасының орынбасары төрағалық етеді. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңестің есеп-хатына қоса берілуі тиіс. Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды. Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңес хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді. Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді. 14. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 15. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 16. Қажет болған жағдайда Кеңес шешімдерi Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына Кеңес отырыстарының хаттамаларынан үзінділер жіберу жолымен жеткiзіледi. ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады. Кеңестің жұмыс органы Кеңестің жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Кеңес отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңес мүшелеріне жіберілуге тиіс. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 18-тармақпен толықтырылды 18. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды жұмыс органы жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |