«Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс
Осы редакция 2005 ж. 27 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Агенттікте екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есепті берудің мынадай мерзімдері белгіленсін: 1) күн сайынғы есеп есепті күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірілмей; ай сайынғы есеп - есепті айдың соңғы күнінен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі; 2) он және одан астам филиалдары бар банктер күн сайынғы есепті есепті күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей; ай сайынғы есепті есепті айдың соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді. 2. Күн сайынғы және ай сайынғы есеп нысаны Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 3. Күн сайынғы есеп электрондық тасымалдаушыда, ай сайынғы есеп электрондық және қағаз тасымалдаушыларда беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|