|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 368 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкiметiнiң 2017 жылғы 13 наурыздағы № 116 Қаулысымен күшi жойылды
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу үшiн ақы белгілеу туралы және Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы ақпарат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 сәуiрдегі № 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 17, 175-құжат) мынадай өзгерістер енгiзілсiн: тақырыптағы және 1-тармақтағы «тiркеу үшiн ақы» деген сөздер тиiсiнше «мемлекеттік тiркеу үшiн алым ставкаларын», «мемлекеттік тiркеу үшiн алым ставкалары» деген сөздермен ауыстырылсын; кiрiспедегi «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына» деген сөздер «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi), Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «тiркеу» деген сөз «мемлекеттік тiркеу» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы ақпарат беру ережесінде: тақырыптағы және мәтiндегi «тiркеу» деген сөз «мемлекеттік тiркеу» деген сөздермен ауыстырылсын; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы ақпарат беру ережесi Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шiлдедегi заңдарына сәйкес әзiрлендi және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы ақпарат беру тәртібін айқындайды. 2. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеудi кемелердi мемлекеттік тiркеу органы (бұдан әрi - тiркеушi орган) осы кеме тiркелген Қазақстан Республикасының кемелер тiзiлiмiне тиiстi жазба енгізу жолымен жүзеге асырады.»; 4-тармақтағы «кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тiркеу тiзiлiмiнен» деген сөздер «кеме тiркелген Қазақстан Республикасының кемелер тiзiлiмiнен» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2005 жылғы 23 қазандағы № 1068 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 368 қаулысына Қосымша
Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшін алым ставкалары
Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшiн алым ставкасы мыналарды құрайды: 1) жеке тұлғалар үшiн - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiш; 2) заңды тұлғалар үшiн - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |