«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қазандағы № 1051 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.14.08. № 765 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Әкелiнетiн тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 46, 450-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
мына:
"3209 | синтетикалық полимерлердiң немесе химиялық жетiлдiрілген табиғи полимерлердiң негiзiндегi, суда шашыратылған немесе ерiтiлген бояулар мен лактар (эмаль мен политураны қоса алғанда) | 15 " |
деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"3215 19 000 0 | өзге баспаханалық бояу | 0******"; |
мына:
"6908 10 100 0, 6908 10 900 0, 6908 90 210 0, 6908 90 290 0, 6908 90 310 0, 6908 90 910 0, 6908 90 990 0 | төсеу үшiн пайдаланылатын тақталар, едендерге, пештерге, каминдерге немесе қабырғаларға арналған қыштан жасалған жылтыратылған қаптайтын тақтайлар; мозаикалық жұмыстар үшін қыштан жасалған жылтыратылған текшелер және оның негiзiндегi немесе онсыз жасалған соған ұқсас бұйымдар | 20, бiрақ 1 кг үшiн 0,08 EBPO- дан кем емес |
деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"6908 90 110 0 6908 90 510 0 | беткі жағы 90 см2 аспайтын "шпальтплаттен" үлгiсiндегi қосарланған тақтай | 15"; |
мына:
"85 | электр машиналары мен жабдықтар, олардың бөлiктерi; дыбыс жазатын және дыбыс шығаратын аппаратура, теледидар бейнесi мен дыбысын жазуға және қайта жаңғыртуға арналған аппаратура, олардың бөлiктерi мен керек-жарақтары мыналардан басқа: | 0"; |
деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: |
"8504 21 000 0 | қуаттылығы 650 кВА-дан аспайтын сұйық диэлектригi бар трансформаторлар | 15 |
8504 22 100 0 | қуаттылығы 650 кВА-дан астам, бiрақ 1600 кВА-дан аспайтын сұйық диэлектригi бар трансформаторлар "; | 15 |
мына:
"8702 | жүргiзушiнi қоса алғанда, 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған моторлы көлiк құралдары (2) " | 0 |
деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
" 8702-ден | мыналардан басқа: жүргiзушiнi қоса алғанда, 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер (2) | 10, бiрақ 1 см3 двигательдiң көлемi үшiн 0,1 ЕВРО- дан кем емес"; |
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
"****** кеден баждарының ставкалары 2006 жылғы 1 қыркүйекке дейiн қолданыста болады.".
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетiнің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы хабарласын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |