|
|
|
«Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2005 жылғы 3 қарашадағы № 1097 қаулысына қосымша
Қазақ КCP Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күші жойылған кейбір шешімдерiнiң тiзбесi
1. "Сейсмикалық қауіптіліктi бағалау және жер сiлкiнiсiн болжау жөніндегі республикалық сараптау кеңесi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақ КCP Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 23 қазандағы № 630 қаулысы (ҚазКСР ҚЖ, 1991 ж., № 23, 175-құжат). 2. "Қазақ КCP Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының Ғылыми-техникалық кеңесi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақ КCP Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 23 қазандағы № 631 қаулысы. 3. "Қазақстан Республикасының салалық кен-құтқару атқыламаларды тұмшалау және газ-құтқару әскерилендiрілген бөлiмдерi және кен-құтқару iсiнiң бүкiлодақтық ғылыми-зерттеу институтының Қарағанды бөлiмiн қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 31 тамыздағы № 724 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 34, 524-құжат), 4-тармағын қоспағанда. 4. "Азаматтық қорғаныс органдары қызметкерлерi лауазымдық жалақыларының схемасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 15 ақпандағы № 113 қаулысы. 5. "Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайларда мемлекеттік басқару органдарын байланыспен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 4 қазандағы № 981 қаулысы. 6. "Алматы қаласында, Алматы және Талдықорған облыстарында болуы мүмкiн жер сілкiнiстерiнiң залалын азайту және олардың зардаптарын жою жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 желтоқсандағы № 1490 қаулысы. 7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдеріне өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 28 маусымдағы № 836 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 265-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгертулердiң 4-тармағы. 8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 35, 327-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердiң 27-тармағы. 9. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 желтоқсандағы № 1490 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 25 қаулысы. 10. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiнiң тізбесiн бекіту және оларды құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1237 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 46, 507-құжат) 5-тармағының 1) тармақшасы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |