|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарында: 2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiнде (5-бөлiм): "Республикалық бюджеттен дамытуға және кредит беруге арналған мақсатты трансферттердiң есебiнен қаржыландырылатын басымды жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) 2005-2007 жылдарға арналған тiзбесi" деген кестеде: "Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлiмде: реттік нөмiрi 217-жолда: 5-бағанда "707500" деген сандар "743803" деген сандармен ауыстырылсын; 7-бағанда "237500" деген сандар "273803" деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 252-жолда: 5-бағанда "820320" деген сандар "784017" деген сандармен ауыстырылсын; 7-бағанда "130000" деген сандар "93697" деген сандармен ауыстырылсын; 2) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысында: көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: 05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында: 226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" әкімшісі бойынша: 005 "Облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға берілетiн нысаналы даму трансферттерi" бағдарламасы бойынша: "Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында 150 адам қабылдайтын емханасы бар 50 төсектiк көп бейiндi аурухана салу" деген жолда "237500" деген сандар "273803" деген сандармен ауыстырылсын; "Қызылорда облысының Жаңақорған кентiнде 190 төсектік Жаңақорған орталық аудандық ауруханасын салу" деген жолда "130000" деген сандар "93697" деген сандармен ауыстырылсын; 3) "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екiншi кезең) орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарында: 2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісiндегi басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесінде (5-бөлім): "Республикалық бюджеттен дамытуға және кредит беруге арналған мақсатты трансферттердің есебiнен қаржыландырылатын басымды жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) 2006-2008 жылдарға арналған тiзбесi" деген кестеде: "Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кiшi бөлiмде: реттiк нөмiрi 105-жолда: 5-бағанда "820320" деген сандар "784017" деген сандармен ауыстырылсын; 6-бағанда "130000" деген сандар "93697" деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |