Әуе кемелерін есептен шығару ережесін бекіту туралы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығымен ; ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 бұйрығымен күші жойыды
«Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 26-6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті туралы ереженің 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Әуе кемелерін есептен шығару ережесі бекітілсін. 2. Ұшу жарамдылығы нормаларын қамтамасыз ету бөлімі (Д.М.Серікбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы А.Б.Жолдыбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 18 қазандағы № 221 бұйрығымен бекітілген
Әуе кемелерін есептен шығару ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Әуе кемелерін есептен шығару ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. 2. Ереже азаматтық әуе кемелерін және басқа да авиациялық техниканы есептен шығару тәртібін реттейді, авиациялық техниканы есептен шығару үшін қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|