“Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөніндегі комиссия құру туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 219 Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 30 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыруға тұжырымдамалық қағидаттарды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын. 2. Комиссия туралы ереже бекітілсiн. 3. "Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 4 наурыздағы № 268 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 11, 143-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Үкіметінiң 2005 жылғы 10 наурыздағы № 219 қаулысына Қосымша
Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөніндегі комиссияның құрамы
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер- Сауат Мұхаметбайұлы Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi, төраға Әйтекенов - Қазақстан Республикасының Экономика Қайрат Медiбайұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрi, төрағаның орынбасары Боранғалиева - Қазақстан Республикасы Экономика және Мәрзия Мұханбетрахымқызы бюджеттік жоспарлау министрлігі Салалық саясат және бағдарламалар департаментiнiң директоры, хатшы Таспихов - Қазақстан Республикасының Парламентi Амангелдi Сатыбалдыұлы Мәжілісiнiң депутаты (келісім бойынша) Гамарник - Қазақстан Республикасының Білім және Геннадий Николаевич ғылым бiрiншi вице-министрi Жоламан - Қазақстан Республикасының Мәдениет, Рүстем Қабидоллаұлы ақпарат және спорт бiрiншi вице-министрi Отто - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер Иван Иванович бiрiншi вице-министрi Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрi Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек және Батыржан Зайырқанұлы халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Баймағанбетов - Қазақстан Республикасының Әдiлет Серiк Нұртайұлы вице-министрi Бекжанов - Қазақстан Республикасының Қоршаған Жамбыл Лесбекұлы ортаны қорғау вице-министрi Жаңбыршин - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Қозы-Көрпеш Есiмұлы министрiнiң орынбасары Диқанбаева - Қазақстан Республикасының Денсаулық Сәуле Әлкейқызы сақтау вице-министрi Қуандықов - Қазақстан Республикасының Төтенше Болатбек Баянұлы жағдайлар вице-министрi Оразбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика Бірлік Есiркепұлы және минералдық ресурстар вице-министрi Өзбеков - Қазақстан Республикасының Қаржы Ғани Нұрмаханбетұлы вице-министрi Айманбетова - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Гүлбану Зарлыққызы төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Бiрәлиев - Қазақстан Республикасы Статистика Әлжан Хамидоллаұлы агенттiгi төрағасының орынбасары Жампейiсов - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын Амангелдi Сүйiмбайұлы басқару агенттiгi төрағасының орынбасары Жұмағалиев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру Асқар Қуанышұлы және байланыс агенттiгi төрағасының орынбасары Көмекбаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әли Амантайұлы қызмет iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Никитинская - Қазақстан Республикасы Экономикалық Екатерина Сергеевна қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары Нұриманов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Мақсат Әнуарбекұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Орымбаев - Қазақстан Республикасы Табиғи Ардақ Сиязбекұлы монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары Құсайынов - Қазақстан Республикасы Индустрия және Әбiлғазы Қалиақпарұлы сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң төрағасы Нөгербеков - Қазақстан Республикасы Көлiк және Серiк Нөгербекұлы коммуникация министрлігі Қаржылық реттеу департаментiнiң директоры Айсағалиева - Қазақстан кәсiпкерлерi форумының кеңесi София Серiкбайқызы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Үкіметінiң 2005 жылғы 10 наурыздағы № 219 қаулысымен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуден тұрады. 3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
4. Комиссияның негізгi мiндеттерi: 1) экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 2) лицензияланатын жаңа қызмет түрлерiн (кiшi түрлерiн) қысқарту/енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi бойынша қажеттi өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады. 5. Комиссияның негiзгі функциялары: 1) мүдделi мемлекеттік органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң және қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын талдауды жүзеге асыру және экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн, соның iшiнде лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша ұсынымдар әзiрлеу; 2) экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру және лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау болып табылады. 1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге; 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкiлдерін (келісім бойынша) Комиссияның құзыретіне енетiн мәселелер бойынша Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан (келісім бойынша) Комиссияның міндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi анықтамалық-ақпараттық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
7. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарға төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдердiң іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасар орындайды. 8. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады. 9. Комиссия отырысының күн тәртібi бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссияның хатшысы жүзеге асырады, ол отырысқа дейiн кемінде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне барлық қажеттi құжаттарды жiбередi. 10. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай және жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады. 11. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданған болып саналады, хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған кезде төраға шешушi дауысқа ие болады. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және комиссияның есеп хатына қоса берiлуi тиiс. 12. Комиссияның шешімдері Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Комиссия отырыстарының хаттамаларынан алынған үзінді көшiрмелер түрiнде жеткiзiледi. |