|
|
|
«Кедейлік шегін анықтаудың тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2005 ж. 15 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Ең төменгi күнкөрiс деңгейi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Кедейлiк шегiн анықтаудың тәртібі бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы және жыныстық-жас топтары бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiн есептеудiң тәртібін айқындасын. 3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі ең төменгi күнкөрiс деңгейi мен кедейлiк шегi туралы мәлiметтi Қазақстан Республикасының Yкіметіне тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 15-күнiне дейiн ұсынсын. 4. Мыналар: 1) "Халықтың тұрмыс деңгейiнiң негiзгi көрсеткiштерiн анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi № 1150 қаулысы; 2) "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi № 1150 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 18 қарашадағы № 1175 қаулысы; 3) "Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi № 1150 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 мамырдағы № 554 қаулысы күшiн жойды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінiң 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген
Кедейлiк шегiн анықтаудың тәртібі туралы
Осы Тәртiп "Ең төменгi күнкөрiс деңгейi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және кедейлiктiң шегiн анықтаудың тәртібін белгілейдi.
1. Негiзгi ережелер
1. Кедейлiктiң шегі - кiрiстiң адамның ең аз қажетiн қанағаттандыру үшiн қажеттi шегi. 2. Кедейлiктiң шегi ең төменгi күнкөрiс деңгейi негiзiнде белгiленедi және аз қамтамасыз етiлген адамдарға мемлекеттік әлеуметтiк атаулы көмек көрсету кезiнде өлшем ретiнде пайдаланылады. 3. Ең төменгi күнкөрiс деңгейiн есептеу үшiн ең қажеттi азық-түлiктiк емес тауарлар мен қызмет көрсетулерге арналған шығыстардың белгiленген үлесi ең төменгi тұтыну себетi құнының 30 процентi мөлшерiнде белгiленедi.
2. Кедейлiктiң шегiн айқындаудың тәртібі
4. Кедейлiк шегiнiң мөлшерiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі экономикалық мүмкiндiктерге қарай, тоқсан сайын ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен проценттермен белгілейдi. 5. Кедейлiктiң шегiн жан басына шаққандағы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң тоқсан сайынғы есептерi негiзiнде: республика бойынша - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі; аймақтар бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөніндегі уәкiлеттi органдары есептейдi. 6. Бұқаралық ақпарат құралдарында ең төменгi күнкөрiс деңгейi мен кедейлiктiң шегi туралы мәлiметтердi - тоқсан сайын, кедейлiктiң шегінен де төмен тұратын халықтың үлесi туралы - жыл сайын: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі - орташа алғанда республика бойынша; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөніндегі уәкiлеттi органдары - аймақтар бойынша жариялап тұрады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |