Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы
«Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" 1996 жылғы 24 қаңтардағы № 2797 конституциялық заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 178-құжат; 1997 ж., № 12, 193-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) актінің нысаны мен тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы"; 3) 11-баптың бірінші бөлігіндегі "Гимнді тұрып тыңдайды." деген сөздер "Гимнді орнынан тұрып, оң қолының алақанын омырауының сол жағына қойып тыңдайды." деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 12, 14 және 16-баптарда "Жарлықпен", "Жарлыққа", "Жарлықтан", "Жарлық" деген сөздер тиісінше "Конституциялық заңмен", "Конституциялық заңға", "Конституциялық заңнан", "Конституциялық заң" деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 2-баптың 3) тармақшасымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнінің музыкалық редакциясы мен мәтіні осы Конституциялық заңға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2-бап. Осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2006 жылғы қаңтардың 7-сі. № 112-III ҚРЗ
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|