|
|
|
Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы (2009.29.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 34 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2006.27.03. № 209 (бұр.ред.қара); 2007.14. 09. № 804 (бұр.ред.қара); 2009.29.10. № 1703 қаулысымен (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 19 қаулысына қосымша
Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 19 қаулысымен Бекітілген
Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. 2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 3. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) ресурстарды экономикалық перспективалы өмір сүретін жерлерге шоғырландыруға мүмкіндік беретін және ауыл халқы кірістерінің қолайлы деңгейін қамтамасыз ететін ауылды оңтайлы қоныстандыру негізінде селоның (ауылдың) тыныс-тіршілігіне қалыпты жағдай жасауға бағытталған ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 2) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу. 5. Комиссияның функциялары өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мыналар бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады: 1) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру; 2) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту және ауыл халқын қолайлы өмір сүру жағдайларымен қамтамасыз ету; 3) ауылдық аумақтарды экономикалық және әлеуметтік тұрақты дамытуды қамтамасыз ету; 4) ауылдық аумақтарды дамыту саласында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдардың іс-қимылын үйлестіру.
6. Комиссияның заңнамада белгіленген тәртіппен өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін мыналарға құқығы бар: 1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыруға қажетті материалдарды сұратуға және алуға; 2) ауылдық аумақтарды дамытудың проблемалық мәселелерін талдау және зерделеу үшін мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілігіне қарай тартуға; 3) Комиссия отырыстарында Комиссияның құзыретіне енетін мәселелер бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға.
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
7. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне жауап береді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады. 8. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейін хаттама ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады. 9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауылдық аумақтар істері комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 10. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі. 11. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу уақыты мен орнын Комиссия мүшелерінің келісімі бойынша Комиссия төрағасы айқындайды және нақтылайды. 12. Комиссия шешімдері ашық дауыспен қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылады және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс. 13. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
14. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде тоқтатады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |