|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж„ № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19. 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 3-баптың 21) тармақшасындағы «жыл сайын және (немесе) орташа немесе ұзақ мерзімді кезеңге» деген сөздер алып тасталсын; 3) тармақшадағы «және (немесе) жылу» деген сөздер алып тасталсын; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;»; 3) 7-баптың 14) тармақшасы алып тасталсын; 4) 10-бап мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын: «4-2) табиғи монополия субъектісінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруы жөніндегі тендерлерге қатысуға;»; 5) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен жүзеге асырады.»; 14) тармақшадағы «кемінде алты айға» деген сөздер «, осы Заңның 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемінде он екі айға» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын: «20-1) бекітілген техникалық және технологиялык, нормалардың, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптардың сараптамасын жүргізуге;»; 2-тармақта: 12) тармақшадағы «кемінде алты айға» деген сөздер «, осы Заңның 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемінде он екі айға» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды тарта отырып, өздерінде белгіленген тәртіппен қаржылық және (немесе) техникалық сараптама жүргізуге;»; 2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган белгілеген тертіпке сәйкес тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды тарта отырып, қаржылық және (немесе) техникалық сараптама жүргізуге;»; 8) 15-баптың 3-тармағындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) салалық техникалық және технологиялық нормалар, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптар шегінде табиғи монополия субъектісі шығыстарының баптарын шектеуді;»; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Салалық техникалық және технологиялық нормаларды, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптарды мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітеді. Салалық техникалық және технологиялық нормаларды, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптарды қарау мен бекітудің тәртібін табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»; 2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «алпыс күн ішінде» деген сөздер «тоқсан күннен кешіктірмей» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ алып тасталсын; 1-тармақтағы «қажет болған кезде», «қосымша қаржылық және (немесе) техникалық» деген сөздер алып тасталсын; 1-1-тармақта: бірінші бөліктегі «он» деген сөз «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлікте: 1) тармақшада: «түбегейлі» деген сөз алып тасталсын; «он бес» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) тармақшада: «түбегейлі» деген сөз алып тасталсын; «жеті» деген сөз «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Табиғи монополия субъектісі жария тыңдаулар өткізудің күні туралы ақпарат жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша: реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметалардың, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардын шекті деңгейлерінің жобаларын; реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтерудің себептері туралы экономикалық негізделген есептері бар ақпаратты беруге міндетті.»; мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын: «1-2. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын уәкілетті орган елу бес күн ішінде, ал тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейі бекітілген жағдайда уәкілетті органның талаптарына сәйкес экономикалық негізделген есептер берілген кезде жүз алпыс бес күн ішінде қарайды. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын карау мерзімі өтінім берілген кезден бастап есептеледі.»; 2-тармақта: «түпкілікті шешім» деген сөздер «шешім» деген сөзбен ауыстырылсын; «15» деген цифр «отыз бес» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта: «екі тоқсанда» деген сөздер «, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, он екі айда» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: «Жаңа тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды қолданысқа енгізу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекітілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.»; 4-тармақта «10» деген цифр «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын; 5-тармақтың үшінші бөлігі «(бағаларды, алымдар ставкаларын)» деген сөздерден кейін «және тарифтік сметаларды» деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақтың екінші сөйлемі алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы қаңтардың 14-і. № 120-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |