Өсімдіктерді қорғау туралы Осы редакция 2006 ж. 10 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар) 2-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу (4 - 10 баптар) 3-тарау. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау (11 - 14 баптар) 4-тарау. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі талаптар (15 - 19 баптар) 5-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы іс-шараларды (20 - 21 баптар) қаржыландыру көздері және өсімдіктерді қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық Осы Заң өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) зиянды организмдер - топыраққа, өсiмдiкке және ауыл шаруашылық өнiмiне терiс әсер ететiн зиянкестер, арамшөптер және өсiмдiктердiң аурулары; 2) пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік тiркеу - препараттарды биологиялық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалау процесiн аяқтайтын рәсiм, оның нәтижесi бойынша жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында оларды Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарына сәйкес қолдану құқығына тiркеу куәлiгi берiледi; 3) мемлекеттік фитосанитариялық бақылау - уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын сақтауына бағытталған қызметi; 4) өсiмдiктердi қорғау - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдiстерiн, фитосанитариялық iс-шараларды әзiрлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы; 5) пестицидтердiң (улы химикаттардың) бастапқы компоненттерi- пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiруге арналған химиялық және басқа да заттар; 6) пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәдеге жаратуға, көмуге немесе жоюға бағытталған iс-шаралар; 7) ауыл шаруашылық мақсатындағы объектiлер - ауыл шаруашылық және өзге де жерлер, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөнiс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндiрiстiк және өзге де үй-жайлар; 8) ерекше қауiптi зиянды организмдер - оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары; 9) пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық мөлшерi - өсiмдiк шаруашылығы өнiмi мен қоршаған орта объектiлеріндегі химиялық заттар құрамының мөлшерлiк көрсеткiші, олардың адам мен жануарларға қауiпсiздiгi осы көрсеткiш арқылы бағаланады; 10) пестицидтер (улы химикаттар) - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ егiндi жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсiру және өсiмдiктердiң өсуiн реттеу үшiн пайдаланылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар; 11) пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану ережелерi - пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану жағдайларының қауiпсiздiгi мен технологияларына қойылатын мiндеттi талаптар; ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды 11-1) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) - бастапқы компоненттердiң негiзiнде пестицидтер (улы химикаттар) дайындаудың технологиялық процесi; 12) өсiмдiк шаруашылығы өнiмi - халықтың - тамақ өнiмдерiне, мал шаруашылығының - жемшөпке және өнеркәсiптiң шикiзатқа деген қажеттерiн қанағаттандыруға арналған өнiм; 13) пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмi - Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлiп тiркелген пестицидтер (улы химикаттар) тiзбесi; 14) арнаулы техника - пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық; 15) арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын көмуге арналған сақтау орындары; 16) уәкiлеттi орган - жеке және заңды тұлғалардың өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметін үйлестiру мен реттеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарының сақталуын мемлекеттік бақылауды өз өкiлеттiгi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 17) фитосанитариялық ахуал - ауылшаруашылық мақсатындағы объектiлердiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң санымен және зиян тигiзуiмен анықталатын қалыптасқан жай-күйi; 18) фитосанитариялық iс-шаралар - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң саны мен зиян тигiзуiн азайтуды қамтамасыз ететiн шаралар кешенi; 19) фитосанитариялық нормативтер - фитосанитариялық iс-шаралар көлемiн анықтау үшiн пайдаланылатын белгiленген шамалар параметрлерi; ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 20)-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 20) фитосанитариялық мониторинг - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердi зерттеудi, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негiзiнде фитосанитариялық болжам әзiрлеудi қамтитын iс-шаралар жүйесі; ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды 20-1) фитосанитариялық болжам - фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудiң мерзiмдерi мен көлемдерiн жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесiн алдын ала айқындау; 21) зиян тигiзудiң экономикалық шегi - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң ысырабын туғызатын, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудi қажет ететiн саны. 2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi мiндеттерi Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi мiндеттерi: 1) елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 2) қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету; 3) фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады. 2-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу 4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік өсiмдiктер қорғау жүйесi Қазақстан Республикасының мемлекеттік өсiмдiктер қорғау жүйесiне: 1) Қазақстан Республикасының Yкіметі; 2) уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары; 4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар; 5) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлердi пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар енедi. 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасы Yкіметінiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретiне: 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 2) өсiмдiктердi қорғау саласындағы бағдарламаларды бекіту; 3) ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекіту; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық енеді. 5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-бап. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi 1. Уәкiлеттi органның құзыретiне: 1) өсiмдiктердi қорғау саласындағы бағдарламаларды әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Yкіметіне табыс ету; 2) ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс ету; ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен бекіту; 3) пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану ережелерiн әзiрлеу мен бекіту; ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметтi лицензиялау ережелерiн әзiрлеу мен бекіту; 4) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу сынақтарын және мемлекеттік тiркеудi жүргiзу ережелерiн әзiрлеу мен бекіту; 5) Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану құқығына тiркеу куәлiктерiн беру; 6) пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiн әзiрлеу, бекіту және жүргiзу; 7) фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар мен әдiстемелiк нұсқаларды бекіту; 8) хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасау мен шығару тәртібін бекіту; 9) фитосанитариялық iс-шараларды ұйымдастыру; ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 10)-тармақша толықтырылды (бұр.ред. қара) 10) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметтi лицензиялау; 11) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудегi қызметiн үйлестiру; 12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасын жасау; 13) мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келiсе отырып, пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; 14) мемлекеттік статистиканың орталық атқарушы органымен келiсе отырып, фитосанитариялық нормативтердi, фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiк нысандарын, сондай-ақ оларды табыс ету тәртібін Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әзiрлеудi ұйымдастыру және бекіту; 15) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторингтi ұйымдастыру; 16) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндiру сынақтарын және мемлекеттік тiркеудi ұйымдастыру; 17) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыс берудi ұйымдастыру мен үйлестiру, жүзеге асыру; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 18) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 18) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) фитосанитариялық мониторинг деректерiне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу, пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану ережелерiнiң сақталуын бақылау; 19) халық арасында өсiмдiктердi қорғау саласында түсiндiру жұмысын ұйымдастыру мен жүргiзу, сондай-ақ зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргiзу жөніндегі әдiстемелiк көмек көрсету; 20) мүдделi адамдарға өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер және фитосанитариялық iс-шаралар туралы ақпарат табыс етудi ұйымдастыру мен қамтамасыз ету; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 21) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 21) халықаралық ұйымдармен және мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру және өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысу енеді. 22) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретiне оларға уәкiлеттi орган жүктеген функцияларды жүзеге асыру енедi. 7-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыретi 1. Уәкiлеттi органның тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы болып табылады. Уәкiлеттi органның тиісті құрылымдық аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң өсiмдiктердi қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі функцияларды тiкелей орындайтын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өзге де лауазымды адамдары өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының құзыретiне: 1) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру; 2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау; 3) фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi жүргiзудi ұйымдастыру; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4) Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енеді. 5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) (орыс тіліндегі өзгерістерді қара) 3. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң өсiмдiктердi қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының құзыретiне: 1) тиiстi аумақта мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру; 2) жеке және заңды тұлғаларға тиісті аумақта фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау; 3) тиiстi аумақта фитосанитариялық есепке алуды және есептiлiктi ұйымдастыру, жүргiзу және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептi табыс ету; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4) тиісті аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енеді. 5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) (орыс тіліндегі өзгерістерді қара) 4. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың құзыретiне: 1) тиiстi аумақта мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру; 2) фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi белгiленген нысан бойынша жүргiзу және оларды уәкiлеттi органға табыс ету; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) тиiстi аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енеді. 4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құқықтары 1. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың: 1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында олардың фитосанитариялық бақылау объектiлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кедергiсiз кiруге; 2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар шығаруға; 3) айрықша жағдайларда үш күннен аспайтын мерзiмде сотқа мiндеттi түрде талап арыз бере отырып, аталған мерзiмге жеке және заңды тұлғалардың қызметiн сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқығы бар. Бұл орайда тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады; 4) жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын бұзған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартуға құқығы бap. 2. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) құрылысын жүзеге асырады, оларды тиiстi жағдайда ұстайды және күтедi. 10-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік ұйымдар 1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметтiң мынадай түрлерiн: 1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитариялық мониторингiн; ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) фитосанитариялық болжамның жасалуын; 2) тiркеуге ұсынылатын пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрiстiк жағдайларда байқаудан өткізу үшiн өндiру сынақтарын; 3) ауыл шаруашылық өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың), нитраттардың, нитриттердiң және ауыр металдар тұздарының қалдық мөлшерiнiң бар-жоғын тексерудi орындау мақсатында құрады. 2. Ерекше қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитариялық мониторингi мемлекеттік монополияға жатады. 3. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға есептiлiктi табыс етедi. 3-тарау. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау 11-бап. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылаудың мiндеттерi Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау: 1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарында белгiленген талаптарды сақтау жөніндегі қызметiн бақылауды; 2) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды ұйымдастыруды және олардың орындалуын бақылауды; 3) фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi жүргiзудi және табыс етудi; 4) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын бұзушылықты анықтауды және олардың жолын кесудi; 5) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiру сынақтарының жүргiзiлуiн бақылауды; 6) пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруға бақылау жасауды; 7) арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн бақылауды; 8) лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылауды көздейдi. 12-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік фитосанитариялық бақылау ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), әкелу, сақтау, өткізу, тасымалдау және қолдану, сондай-ақ олардың тiркеу және өндiрiстiк сынақтарын жүргiзу мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жатады. 2. Мемлекеттік тiркеуден өтпеген пестицидтердi (улы химикаттарды), сондай-ақ тiркеуден өтпеген пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру үшiн бастапқы компоненттердi, тiркеу, өндiрiстiк сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшiн әкелiнетiн тәжiрибелiк үлгiлердi қоспағанда, өндiруге және әкелуге тыйым салынады. 3. Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік тiркеу мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келiсе отырып, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен жүргiзiледi. 4. Мемлекеттік тiркеуден өткен пестицидтер (улы химикаттар) уәкiлеттi орган жүргiзетiн пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiне енгiзiледi. 13-бап. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлер Мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлер: 1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тiршiлiк ететiн орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектiлер, автомобиль жолдарының, темiржолдардың бөлiнген белдеулерi мен күзет аймақтары және өзге де аумақтар, сондай-ақ өсiмдiктен алынатын өнiм; 2) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер; 3) фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу пайдаланылатын арнаулы техника мен пестицидтер (улы химикаттар); 4) арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) болып табылады. 14-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi лицензиялау 1. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерiн болғызбау мақсатында: 1) тiркеу, өндiру сынақтары мен ғылыми зерттеулерге арналған тәжiрибелiк үлгiлердi қоспағанда, пестицидтер (улы химикаттар) мен оларды өндiруге арналған бастапқы компоненттердi әкелу; ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 2-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызмет лицензиялануға тиiс. 2. Тiркеу, өндiру сынақтары мен ғылыми зерттеулер үшiн әкелiнетiн пестицидтердiң (улы химикаттардың) мөлшерiн уәкiлеттi орган айқындайды. ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктiлiк талаптары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. 4. Лицензиат өзiнiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметiнiң нәтижесi бойынша пестицидтердiң (улы химикаттардың) келiп түсуi мен жұмсалуын есепке алуды жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға фитосанитариялық есептiлiктi табыс етедi. 4-тарау. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі талаптар 15-бап. Жеке және заңды тұлғалардың зиянды организмдер таралуының алдын алу жөніндегі мiндеттерi Қызметi мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалар: 1) зиянды организмдер таралуының алдын алу мақсатымен өз аумақтарында фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық ic-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге; 2) пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану ережелерiн сақтауға; 3) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарына сәйкес өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқамаларын орындауға; 4) өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға олардың Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын орындауына жәрдем көрсетуге; 5) пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруға; 6) фитосанитариялық есепке алуды жүргiзуге және уәкiлеттi органға есептiлiктi табыс етуге мiндеттi. 16-бап. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы 1. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы дегенiмiз пестицидтердiң (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгiлi бiр көлемi және ол уәкiлеттi органның қарауындағы (билiгіндегі) мемлекеттік меншiк болып табылады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасқан фитосанитарлық ахуалды ескере отырып, фитосанитарлық мониторинг негiзiнде бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптастырылады. 3. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) түрлерi бойынша запастың нормативiн және оларды пайдалану тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi. 17-бап. Фитосанитариялық нормативтер 1. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық ахуалды өсiмдiк шаруашылығы өнiмiне, ауыл шаруашылық мақсатындағы объектiлерге қауiпсiздiгi тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштердiң жол берiлетiн сан және (немесе) сапа жөніндегі мәнiн айқындайды. |