|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 14-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлері мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлер лауазымдарының санаттар бойынша тізілімінде: Ғ санатының тобы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы»; «Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы»; «Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы»; «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы». 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |