Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы (2015.27.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.30.09. № 1122 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15 және 238-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2015.27.11. № 957 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне (бұдан әрі - ұйымдардың қызметкерлері) еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және/немесе кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады деп белгіленсін. Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесі: 1) азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптауға сәйкес әзірленетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі. Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптау қызмет саласына, біліміне, біліктілік деңгейіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне және жауапкершілік деңгейіне байланысты басқарушы, негізгі, әкімшілік және қосалқы персоналдардан қалыптасады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|