Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесін
Осы редакция 2006 ж. 14 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде жылжымалы құрамды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (М.Т. Бейсембаев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі В.В.Шнейдмюллерге жүктелсін. 4. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-I бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) темір жол көлігімен жолаушыларды, жүктер және теңдеме жүкті тасымалдау бойынша қызметте пайдаланылатын жылжымалы темір жол құрамын қызметтің осы түрін мемлекеттік реттеу, көлік қызметтері рыногының жұмысын және олардың тұтынушыларының мүдделері қорғалуын қамтамасыз ету, жылжымалы темір жол құрамының бар екендігі және жұмысқа қабілеттігінің бірыңғай мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру, қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында тіркеу тәртібін анықтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|