|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 502 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесінде, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде: 1) тармақшадағы «шетелдік жұмыс күші» деген сөздерден кейін «(шетелдік қызметкерлер)» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстары - табиғат және ауа райы жағдайларына байланысты белгілі бір кезеңнің (маусымның) ішінде орындалатын ауыл шаруашылығы жұмыстары.»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде жиынтығы 60 күнтізбелік күннен аспайтын іссапарда жүрген. Уәкілетті орган растаған тізімге сәйкес шетелдік азаматтарды Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына 60 күнтізбелік күннен астам мерзімге іссапарға жіберуге, осындай мерзімге және осындай санда шетелдік мамандар жіберілетін шетелдік заңды тұлғаға қазақстандық персонал іссапарға жіберілген жағдайда жол беріледі. Іссапарға жіберу мерзімі 180 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.«; 13-тармақшадағы «шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды» деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 14), 15) тармақшалармен толықтырылсын: 14) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарында, бірақ ұйым штатының 25 пайызынан аспайтын педагогикалық қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға; 15) оралмандарға қолданылмайды.»; 4-тармақтағы «мерзімде» деген сөзден кейін «ішкі еңбек рыногын талдау және» деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақтағы «, республиканың экономикалық белсенді халқына пайыздық қатынаста» деген сөздер алынып тасталсын; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Уәкілетті орган рұқсаттарды беру кезінде жұмыс берушімен алдын ала жасалған жазбаша келісім бойынша оған мынадай ерекше шарттардың кез келгенінің орындалуын жүктейді: 1) шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар бойынша қазақстандық азаматтарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру; 2) шетелдік жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен алмастыру; 3) қазақстандық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құру. Даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жататын қазақстандық азаматтардың, жергілікті кадрлармен алмастыруға жататын шетелдік жұмыс күшінің саны, сондай-ақ ерекше шарттардың орындалу мерзімі рұқсатта көрсетіледі. Осы тармақтың шарттары маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарына шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қолданылмайды.»; «рұқсат алу үшін» деген сөздерден кейін «шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыратын жері бойынша» деген сөздермен толықтырылсын; 3), 7), 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «3) шетел тілін және халықаралық стандарттарды білуі, шетелдегі жұмыс тәжірибесі қажеттілігі негіздемесін, егер жұмыс беруші оларды осы лауазым мен кәсіп бойынша қосымша белгілеген болса;»; «7) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар бар болса) орындалуы туралы ақпаратты; 8) жұмыс берушінің бос орынға қазақстандық азаматтарды алудан уәжделген жазбаша нысандағы бас тартуын;»; мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын: «14-1. Маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарына рұқсат алу үшін, жұмыс беруші тартылатын шетелдік жұмыс күші санының негіздемесі бар, рұқсат беруге арналған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі өтінішті ғана ұсынады.»; 1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Комиссия туралы ережені уәкілетті орган орталық атқарушы органмен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді. Комиссияның құрамына орталық атқарушы органның аумақтық органдарының және Ішкі істер министрлігінің өкілдері енгізіледі. Комиссияның отырысына жұмыс берушінің өкілдері қатыса алады.»; 2) тармақшадағы «жұмыс беруші мен орталық атқарушы органды» деген сөздер «жұмыс берушіні» деген сөздермен ауыстырылсын; 18-тармақтағы «жұмыс берушінің тұрғылықты жеріндегі» деген сөздер алынып тасталсын; 19-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттары (олар бар болса) орындалмаса;»; 22-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Тізімдер толығымен не бөлек-бөлек ұсынылуы мүмкін.»; 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «24. Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізіміне: бірінші - үшінші санаттар бойынша: 1) білімі туралы құжаттарының нотариалды расталған аудармалары; 2) жұмыс беруші растаған, қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар (жұмыс стажы бойынша біліктілік талаптары белгіленген болса); 3) бір уақытта құрылтайшылар болып табылатын бірінші басшыларды қоспағанда, қызметкермен жасалған еңбек шартының көшірмесі; 4) рұқсаттың қолданылу мерзімі өткен соң шетелдік жұмыс күшінің тұрақты тұратын жеріне кетуіне кепілдік беретін құжаттар (банк пен жұмыс берушінің арасындағы шарттың көшірмесі, жұмыс берушінің банктік шотына кепілдікті және кепіл жарналар енгізілгені туралы түбіртек); төртінші санат бойынша: 1) еңбек шартының көшірмесі қоса беріледі.»; 25-27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «25. Уәкілетті орган құжаттардың осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігін қарағаннан кейін олар берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс беруші берген тізімдерді растайды. Тізімдер расталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган оларды орталық атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарына ұсынады. 26. Шетелдік қызметкермен еңбек шарты рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бұзылған жағдайда жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің өзгертілген, уәкілетті орган растаған тізімі негізінде сол санат пен біліктілік бойынша тарта алады. Уәкілетті орган тартылатын шетелдік жұмыс күшінің өзгертілген тізімдері расталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олармен еңбек шарты бұзылған шетелдік қызметкерлердің тізімін орталық атқарушы органның және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарына ұсынады. 27. Шетелдік жұмыс күшін одан әрі тартудың қажеттілігі болмаған жағдайда жұмыс беруші уәкілетті органды он күнтізбелік күн ішінде хабардар етуге міндетті.»; 28-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын; «аяқталғанға дейін» деген сөздерден кейін «кемінде» деген сөзбен толықтырылсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын; «5) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдарда берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар бар болса) орындалуы туралы ақпаратты;»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын; «2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттары (олар бар болса) орындалмаса.»; 3) тармақша алынып тасталсын; 35-тармақтағы «міндетті түрде себебін көрсете отырып» деген сөздер «жұмыс берушіні себебін көрсете отырып, жазбаша хабардар етіп» деген сөздермен ауыстырылсын; 38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «38. Уәкілетті орган рұқсатты қайтарып алуды: 1) жұмыс беруші уәкілетті орган рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған себептерді жоймаған; 2) жұмыс беруші тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін үш айдың ішінде ұсынбаған жағдайда жүргізеді.». 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |