Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығымен күші жойылды
ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің осы Жарлыққа түсініктемесін қараңыз
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспары (бұдан әрі - Жоспар); 2) Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) бір апта мерзімде Жоспарды және Бағдарламаны орындаудың желілік кестесін әзірлесін және бекітсін; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының қағидалары бойынша жүйелі негізде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін; 3) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша Жоспардың орындалу барысы туралы және тоқсан сайын Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жоспардың және Бағдарламаның іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. 4. «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 15 тамыздағы № 1165 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2003 ж., № 32, 318-құжат) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|