«2006 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және ресми (2006.30.10. берілген өзгерістермен)
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2006 жылы Қазақстан Республикасының аумағында республикалық және ресми халықаралық жарыстар өткізу туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) 2006 жылы Қазақстан Республикасында өткізілетін республикалық және ресми халықаралық жарыстардың тізбесі; 2) 2006 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және ресми халықаралық жарыстарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Алматы және Астана қалаларының, Ақмола және Павлодар облыстарының әкімдері спорт түрлері бойынша тиісті федерациялармен келісім бойынша республикалық және ресми халықаралық жарыстарды (бұдан әрі - жарыстар) дайындауды және өткізуді қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жарыстарға дайындық пен олардың өткізілу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария етуді қамтамасыз етсін. 5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы және Астана қалаларында, Ақмола және Павлодар облыстарында қоғамдық тәртіптің сақталуын, ресми тұлғалар мен жарыстарға қатысушылар тұратын және жарыстар өтетін жерлерде олардың қауіпсіздігін, жарыстарға қатысушы шетелдік азаматтардың қонақ үйлерде тіркелуін қамтамасыз етсін. 6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жарыстарға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсін. 7. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жарыстарға қатысушылардың темір жол және әуе қатынасы көліктерімен жүруі үшін орындардың брондалуын қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|