Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы Қазақстан (2006.14.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 7 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін: 1) "Үкімет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық актiлерінiң жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 22 шілдедегi № 678 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 23, 199-құжат): қазақ тiліндегі мәтiннің тақырыбы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекіту туралы"; көрсетiлген қаулымен бекітілген Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулықта: қазақ тiліндегі мәтiннiң тақырыбы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулық (заңдық техникасы)"; "1. Жалпы ережелер" және "2. Үкiмет пен Премьер-Министр актілерінiң жобаларын дайындаудың және олардың келiсуден өтуiнiң тәртібі" деген бөлiмдер алынып тасталсын; 36-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Тараулардың, бөлiмдердiң, параграфтар мен бөлiмшелердiң тақырыптары алдыңғы мәтіннен - екi жол аралық интервалмен, ал келесi мәтiннен - бiр интервалмен ажыратылады."; 42-тармақта "тақырыптан" деген сөзден кейiн ", тараулардың, бөлiмдердiң, параграфтар мен бөлiмшелердiң атауларынан" деген сөздермен толықтырылсын; 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат): 6-тармақта "40-1-тармағының" деген сөздер "69-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 4-тармақтың сегiзiншi абзацында "бiр айлық" деген сөздер "15 күндiк" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесінде: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "8. Үкiмет Парламенттiң қарауына енгiзетін заң жобалары бойынша "Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Үкiметтiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесіне сәйкес заң жобасында реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) жүргiзу мiндеттi. Бұл ретте қабылдануынан туындайтын болжамды салдарлар экологиялық, соның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қауiп төндiруi мүмкiн заңнамалық кесiмдердiң жобалары мiндеттi түрде экологиялық сараптама жасауға жатады. Заң жобасын әзiрлеушi оны мүдделi мемлекеттік органдармен келiскенге дейiн жобаның тиiстi сараптамасы жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды заң жобасына басқа да материалдармен бiрге мемлекеттік және орыс тілдерiнде ұсынылады."; 9 және 10-тармақтар алынып тасталсын; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "11. Заң жобасын мемлекеттік органдармен келiсу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады."; 3) "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Көрсетiлген нұсқаулықтардың талаптары оларға қатысты бөлiгiнде барлық мемлекеттік органдар үшiн мiндеттi деп белгiленсiн."; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта: 12-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Кеңсеге енгiзiлетiн Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларына, сондай-ақ оларға қосымшалардың әрбiр парағына жобаны әзiрлеушi мемлекеттік органның бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам алдын ала қол қоюға тиiс."; 17-тармақта "Қаржы министрлігін, Экономика министрлігін" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін" деген сөздермен ауыстырылсын; 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "22. Кеңседе ?кімет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары бойынша сараптама жүргiзу (соның iшiнде қорытындылар дайындау) мерзiмдерi Үкiметтiң Регламентiнде белгiленген. Сараптаманы қоса алғанда Кеңседе жобалардың өту мерзiмдерi (жобаның тiркелген күнiнен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн): ?кімет қаулыларының жобалары мен заң жобалары үшiн - 15 жұмыс күнiнен, Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары үшiн - 10 жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Жобалар мәтiнiнiң көлемi үлкен және күрделi болуына байланысты өту мерзiмдерiн Кеңсе Басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам ұзартуы мүмкiн."; 89-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Yкімет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық кесiмдерi жобаларын дайындау және келiсу тәртібіне, оларды ресiмдеу (заңи техника) ережесi туралы нұсқаулықтың" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулықтың (заңдық техникасы)" деген сөздермен ауыстырылсын; 90-тармақтың екiншi сөйлемi алынып тасталсын; 104-тармақтың үшiншi абзацындағы "министрлiктер мен ведомстволарға" деген сөздер алынып тасталсын; 137, 140-тармақтардағы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулыққа 12-қосымшаның 1-тармағындағы "РМК" деген аббревиатура "РМҚК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы іс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта: 17-тармақтың 2) тармақшасында "республикалық мемлекеттік" деген сөздерден кейiн "қазыналық" деген сөзбен толықтырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта: 1-тармақта "сауал салуларының" деген сөздерден кейiн депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру туралы өтiнiшпен Парламент Палаталары хаттарының" деген сөздермен толықтырылсын, "(бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар)" деген сөздер алынып тасталсын; 2-тармақта "орындалу мерзiмiн" деген сөздер "орындалуын" деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде (бұдан әрi - Кеңсе) бақылау жұмысын үйлестiрудi Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады, ол мынадай құжаттарды (бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар) бақылауға алады: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің Үкiметке немесе оның басшылығына тапсырма беретiн кесiмдерiн; 2) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалары бар Үкiметтiң қаулыларын, Үкiмет мәжілістерiнiң хаттамаларын, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн; 3) Президенттiң Үкiметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Президент Әкiмшiлiгi басшылығының және Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның орындалу мерзiмдерi көрсетiлген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулары, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгiзiлсiн" деген белгiлерi бар тапсырмалары (соның ішінде мәжілiстер хаттамалары мен iс-шаралар жоспарларында қамтылған), сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттiгi туындайтын тапсырмаларды; 4) Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру өтiнiшiмен Парламент Палаталарының хаттарын."; 8-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Құрылымдық бөлiмшелер - тапсырмаларды бiрге орындаушылар жинақтауды жүзеге асыратын бөлiмшеге өз ұсыныстарын тапсырманың белгіленген орындалу мерзiмi өткенге дейiн бiр күннен кешiктiрмей енгiзедi."; 12-тармақтың бiрiншi абзацында: "Сараптама жүргiзудiң" деген сөздер "Жауаптардың (есептердiң) сараптамасын жүргізудiң" деген сөздермен ауыстырылсын; "Кеңседе тiркелген күнiнен бастап" деген сөздер және ", ал заң жобалары үшін - он күннен" деген сөздер алынып тасталсын; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу, орындалу мерзiмдерiн ұзарту мен орындалуы туралы жауаптарды (есептердi) ұсыну Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентiне сәйкес жүзеге асырылады."; 22, 23, 24 және 25-тармақтар алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта: мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын: "16-1. Азаматтардың хаттары мен өтiнiштерiн қарау және оларға Басшылық тапсырмаларының орындалуы мерзiмдерiн бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады."; 17, 18, 19, 20, 22 және 23-тармақтар алынып тасталсын; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "21. "Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 974 қаулысына сәйкес орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тiкелей өздерi басқаратын органдарда жүргiзедi". 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген ҚР Yкіметінiң 2005.01.03. № 190 Қаулысымен ҚР Yкіметінiң Регламенті жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң РЕГЛАМЕНТI
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Yкіметі (бұдан әрi - ?кімет) Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық етедi. 2. ?кіметтiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен және осы Регламентпен реттеледi. 3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi (бұдан әрi - Премьер-Министр) мен Үкiметтің қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi (бұдан әрi - Кеңсе) жүзеге асырады. 4. Құпия және құпия емес iс қағаздарын ұйымдастыруды және жүргiзудi, Үкiметке немесе оның басшылығына арналған хат-хабарларды, соның iшiнде әртүрлi байланыс және деректер беру арналары бойынша келiп түсетiн хабарларды қабылдауды, өңдеу мен таратуды Кеңсе Үкiмет белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады. 5. Соттарда Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша ?кімет пен Премьер-Министрдiң мүдделерiн бiлдiрудi және қорғауды, сондай-ақ Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша конституциялық iс жүргiзуге қатысуды талқылау мәнi болған мәселелер құзыретiне енетiн мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әдiлет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетедi. 6. Үкiметтің нормативтiк құқықтық кесiмдерiне ресми түсiнiктеме берудi Үкіметтің немесе Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі жүзеге асырады. 7. Үкiметтің құзыретiне енетiн кадр мәселелерiн шешу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Үкіметке немесе оның басшылығына жолданған хат-хабарларды Кеңсе алдын ала қарайды. Орталық және жергілiкті атқарушы немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын және олар бойынша ?кіметтiң немесе Премьер-Министрдiң шешiмдер қабылдауын талап етпейтiн мәселелер бойынша Үкiметке немесе оның басшылығына жолданған заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтiнiштерiн Кеңсе кейiннен авторына хабарлай отырып, мәселенің мән-жайы бойынша қарау үшiн тиiстi органға жiбередi. Сондай-ақ Кеңсенiң қарауынсыз: тиiстi атқарушы органдарға мемлекеттік органдардың, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң немесе жекелеген шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң Үкiмет немесе Премьер-Министр шешiмдерiнiң қабылдануын талап ететiн, оның iшiнде республикалық бюджеттен және Үкiметтiң резервiнен қаражат бөлу туралы, бiрақ өтiнiштерде көтерілетiн мәселелер құзыретіне енетiн орталық атқарушы органдарда пысықталмаған өтініштері; облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне тиiсiнше аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң, Астана және Алматы қалаларының аудандары әкiмдерiнiң, аудандық маңызы бар қалалар аудандары әкiмдерінің, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің олармен және тиiстi мемлекеттік органдармен келiсілмеген өтініштерi жiберiледi. Кеңсе Үкiметке, Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған мемлекеттік органның (ұйымның) бiрiншi басшысы немесе бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметке, ?кіметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға қол қойған құжаттарды қабылдайды. Өзге жолданған және басқа лауазымды тұлғалар қол қойған құжаттар қабылданбайды. Кеңсе жабық конверттердегі хат-хабарларды (құпия, кадр мәселелерi бойынша және басқа қаладан келгендердi қоспағанда), сондай-ақ осы Регламенттің және "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды қабылдамайды. 9. Орталық атқарушы органдар мен олардың ведомстволары өздерiне келiп түсетiн хаттарды, өтiнiштердi және өзге де құжаттарды қарайды әрi өздерiнiң ережелерiне және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес олардың құзыретiне енетiн барлық мәселелер бойынша өз бетiнше шешiмдер қабылдайды. Орталық атқарушы органдар олардың бiрлескен құзыретiне енетiн мәселелердi шешу үшiн қажет болған кезде белгіленген тәртiппен олардың басшылары қол қойған бiрлескен бұйрықтар түрiнде шешiмдер қабылдайды. Орталық атқарушы органдардың өздерi дербес шешуi тиiс мәселелер бойынша Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерi қабылданбайды. Орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары нормативтік құқықтық кесiмдер шығаруға құқылы емес. 10. Ведомстволар тиісті мемлекеттік органның бiрiншi басшысының немесе бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғаның келісімi (ведомствоның хатында бұрыштамасы) болған кезде ғана, сондай-ақ Үкiмет немесе Кеңсе Басшылығының оларға берген тiкелей тапсырмаларына жауап жiберген кезде өз бетiнше Үкiметтiң атына өтінiш білдiре алады. Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлiмшелерi Үкiметтiң атына өз бетiнше өтiнiш бiлдiруге құқылы емес. 11. Тиiстi шешiм қабылдау үшiн Үкiметтiң немесе оның басшылығының атына бастамашылық тәртiппен жiберiлетiн қызметтік хат-хабарды мемлекеттік органдар мынадай жағдайларда енгiзедi: 1) егер мәселенi шешу Үкiметтiң тiкелей құзыретiне енсе, енгiзіп отырған мемлекеттік орган оны өзiнiң өтiнiшiнде көрсетедi; 2) орталық атқарушы органдардың арасында қағидатты және еңсерiлмес келiспеушілiктер болған кезде; 3) егер мәселенi шешу ведомствоаралық үйлестiрудi талап етсе. Мұндай жағдайларда Үкiметтiң атына жолданған хат-хабар, әдетте, шешiм қабылдау үшiн мәселенiң мазмұнына қарай және Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы арасында мiндеттердi бөлуге сәйкес Премьер-Министрдiң тиiстi орынбасарына жiберілуi тиiс.
3. Үкiмет мәжілістерiн жоспарлау
12. Үкiмет мәжілiстерiнде қарауға арналған мәселелер заңнамада белгіленген ?кімет өкілеттiктерiн ескере отырып анықталады. 13. Үкiмет мәжілістерiнде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тiзбесiн кезектi тоқсан басталғанға дейiн ?кімет мүшелерiнің, агенттіктер төрағаларының, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң, Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының ұсыныстары бойынша Кеңсе жасайды. Үкiмет мәжілiстерiнде қарау жоспарланып отырған мәселелердiң тiзбесi Премьер-Министрдiң өкімімен бекiтіледi. Жоспарланған мәселелердiң бекiтілген тiзбесi Үкiмет мүшелерiне, агенттіктердiң төрағаларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдеріне, Кеңсенің құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларына және қажет болған кезде Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша басқа да мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың басшыларына жөнелтіледi. Жоспарланған мәселенi қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзiмге ауыстыру туралы шешiмдi мәселенi дайындауға жауапты мемлекеттік органның немесе өзге де мүдделi органның (ұйымның) бiрiншi басшысы (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға) қол қойған жазбаша өтiнiш не Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қойған қызметтік жазба негiзiнде Премьер-Министр не онымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы қабылдайды. Көрсетілген шешiм туралы өзiнiң құзыретiне орай мүдделi мемлекеттік органдар хабардар етіледi.
4. ?кімет мәжілістерiн дайындау және өткізу тәртібі
14. Үкiмет мәжілістерi ?кімет мәжілiстерiнде қарауға арналған мәселелердiң тоқсан сайынғы тiзбесiне сәйкес немесе қажет болған кезде, бiрақ кемiнде айына бiр рет өткiзіледi және оны Премьер-Министр не Қазақстан Республикасының Президентi (бұдан әрi - Президент) шақырады. 15. Үкiмет мәжілiстерiнде Премьер-Министр, ал ол болмаған кезде Премьер-Министр белгілеген мiндеттердi бөлуге сәйкес Премьер-Министрдi алмастыратын не Премьер-Министр белгілеген тәртiппен Премьер-Министрдiң мiндетiн атқарушы Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi. Мәжілiстерге Президент қатысқан кезде Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етедi. Үкiмет мәжілістерi ашық болып табылады әрi мемлекеттік және орыс тілдерiнде жүргiзіледi. Президенттің не Премьер-Министрдiң бастамасы бойынша Үкiметтің жабық мәжілiстерi өткiзілуi мүмкiн. 16. Мәжілiс, егер оған Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып саналады. Үкiмет мүшелерi мәжілiстерге алмастыру құқығынсыз қатысады. Мәселенің Үкiмет мәжілiсiнде қаралу нәтижелерi бойынша қатысушы Үкiмет мүшелерінің көпшілiк дауысымен хаттамалық шешiм қабылданады, ал дауыстар тең болған кезде мәжілiсте төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады. 17. Үкiмет мәжілiстерiне, әдетте, Премьер-Министрмен келiсілген тiзбе бойынша агенттіктердiң төрағалары, Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары қатысады. Үкiмет мәжілістерiне Мемлекет басшысының кесiмдерiмен осындай құқық берiлген лауазымды тұлғалар да қатыса алады. Кеңсенiң шақыруы бойынша Үкiмет мәжілiстерiне Парламент Сенаты мен Мәжілiсiнiң депутаттары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, Кеңсенің қызметкерлерi мен басқа да адамдар қатыса алады. Үкiмет мәжілiстерiне шақырылғандардың тiзiмiн анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсынысты мәселенi дайындауға жауапты мемлекеттік орган талқыланатын мәселелерге қарай Кеңсемен келісім бойынша мәжілiске дейiн кемiнде екi жұмыс күнi бұрын енгiзедi. Үкiмет мәжілiсiне шақырылғандардың тiзiмiне Кеңсе Басшысы қол қояды. Шақырылғандардың ?кімет мәжілiсiне қатысуын Кеңсе қамтамасыз eтeдi. 18. Мемлекеттік органдар Үкiмет мәжілiсiнде қарауға арналған мәселенi дайындау кезiнде мынадай талаптарды сақтайды: 1) Үкiмет мәжілiстерiнде қаралатын мәселелер бойынша хаттамалық шешiмдердiң жобаларына, анықтамаларға, ақпараттық (талдамалық) материалдарға мемлекеттік органның бiрiншi басшысы немесе бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға әр парағына алдын ала қол қояды және ол қол қойған ілеспе хатпен енгiзiледi; 2) әрбiр мәселе бойынша хаттамалық шешiм жобасының, анықтаманың, өзге де қажетті материалдардың тақырыбы бiрдей болуы және мәселенiң мәнiн толық көрсетуi тиiс. Әдетте, олардың көлемi 5 бет мәтiннен аспауы тиiс (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтiндер үшiн № 14 мөлшерлi "Times№ewRoman" қарпi қолданылады); 3) Үкiмет мәжілiсiнде бейнелi ақпарат көрсету туралы мәселе мәселенi дайындауға жауапты мемлекеттік органның бiрiншi басшысымен (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғамен не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлғамен), Кеңсе Басшысымен алдын ала келісілуi тиiс; 4) Үкiмет мәжілісiне құпия материалдар Кеңсеге Үкiметтің қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес енгізіледi. ?кімет мәжілiстерiне материалдар дайындаған кезде орталық атқарушы органдардың ведомстволары осы Регламенттің 10-тармағының талаптарын сақтауы тиiс. 19. Үкiмет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдар мемлекеттік және орыс тiлдерiнде мәжіліске дейiнгi 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей Кеңсеге енгiзіледі. Кеңсе Премьер-Министрмен не оны алмастыратын тұлғамен келісім бойынша Кеңсе Басшысы бекiтетiн мәжілiстiң күн тәртібінiң жобасын жасайды, күн тәртібін тиiстi материалдармен бiрге ?кімет мүшелерiне және Кеңсе Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылғандардың тізіміне және онымен келісілген жөнелтім көрсеткішіне сәйкес басқа да лауазымды тұлғаларға дереу жолдайды. Мемлекеттік органдар ?кімет мәжілісiне материалдарды уақтылы ұсынбаған жағдайда Кеңсе Басшысы бұл туралы Премьер-Министрге немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға баяндайды. Үкiмет мәжілістерiне материалдардың уақтылы ұсынылмағандығы үшiн жауапкершілiк осы органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi. Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша Үкiмет мәжілісi шұғыл түрде өткiзілетін айрықша жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткiзiлетiн күнi енгiзiлуi мүмкiн және Үкiмет мәжілiсiне қатысушыларға мәжілісте тiкелей жеткізіледi. 20. Мәжіліске қатысып отырғандар олардың атына немесе олар білдiрiп отырған органдардың (ұйымдардың) атына тапсырмалар мен олардың орындалу мерзiмiнiң деректер жазбасын жүргiзуi тиiс. Үкiмет мәжілісiнiң хаттамасын дайындау мақсатында, әдетте, Кеңсенiң тиiстi бөлiмшесiнiң мәжілiске қатысып отырған қызметкерi хаттамалық жазбалар жүргiзедi, онда талқыланып отырған мәселелердiң атауы мен мәнi, баяндамашылар және талқылау кезiнде сөз сөйлеушiлер, олардың сөйлеген сөздерінің, ескертулердiң негiзгi мазмұны және Үкiмет мүшелерi қабылдаған шешiмдер тiркеледi. Әдетте, кейiннен фонограммалары толығымен жазылып және оларды басып шығарып, ?кімет мәжілiстерiнiң дыбыстық жазбасы жүргiзiледi. Қажет болған кезде Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша мәжілiстiң бейне жазбасы жүргізілуі мүмкін. Үкiмет мәжілісiнiң хаттамасын құзыретiне мәжілiсте қаралған мәселелер жататын Кеңсенің құрылымдық бөлiмшелерi дайындаған хаттамалық тапсырмалардың тұжырымдамалары негізiнде Кеңсенiң құжаттамалық қамтамасыз етуге жауапты бөлiмшесi мәжіліс аяқталған күнiнен бастап үш күн мерзiмде елтаңбалық бланкiге жасайды. Бұдан кейiн хаттамаға Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерінің басшылары (өздерiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша), мәжіліске қатысқан Премьер-Министрдiң орынбасарлары, Кеңсе Басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы тұлға бұрыштама соғады және мәжіліске төрағалық етушi қол қояды. |