|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарында кадрлық өзгерістердің болуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Электр энергетикасындағы мемлекеттік реттеуші комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 шілдедегі № 929 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 32, 295-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған қаулының қосымшасына: Электр энергетикасындағы мемлекеттік реттеуші комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
Шүкеев Ө.Е. - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі, Комиссия төрағасы
Тиесов С.А. - Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі Электр энергетикасы департаментінің директоры, Комиссия төрағасының орынбасары
Ертілесова Ж.Ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары (вице-министр)
Радостовец Н.В. - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрінің орынбасары (вице-министр)
Уәйісов М.К. - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары (вице-министр)
Руденко Ю.С. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі материалдық сала департаментінің директоры
Попандопуло Е.Н. - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Баға белгілеу департаментінің директоры
Төкенов А.Д. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесінің Үкімет шешімдерін әзірлеудi үйлестіру бөлімінің консультанты
Раханов М.С. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Жекешелендіру жөніндегi департаменті директорының орынбасары
Әбдыкамалов О.А. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi Мемлекеттік мүлік пен активтердi басқару департаменті директорының орынбасары
Жұмабеков Е.М. - Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігi Республикалық энергетикалық қадағалау басқармасының бастығы
В.В. Соболев, Н.Л. Котенко, Х.К. Құсайынов, Б.М. Менжулин, А.М. Шоқпытов аталған құрамнан шығарылсын. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі Экономика және сауда министрлігімен бірлесе, бір ай мерзім ішінде "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2724 Заң күші бар Жарлығына сәйкес, электр энергетикасындағы мемлекеттік реттеуші комиссия туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |