Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысыменбекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбір шешiмдерiне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Темір жол көлігіндe жолаушыларды, жүктерді және ауыр жүктердi тасымалдау тарифi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 ақпандағы № 203 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 7, 80-құжат): мәтiндегі "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi", "мемлекетаралық қатынаста", "республика iшінен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгі", "халықаралық қатынаста", "республикалық" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақта: "Мемлекетаралық" деген сөздiң алдынан "Жолаушыларды, жүктерді және ауыр жүктердi республикалық қатынаста Қазақстан Республикасы темір жол поездары мен вагондарында тасымалдауды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|