|
|
|
Табиғи монополияшы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Табиғи монополия саласындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердiң баға деңгейiне бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Табиғи монополия саласындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердiң өнiмдерiне (қызмет көрсетулерiне) тарифтердi қалыптастырудың мынадай тәртібі бекітілсiн: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетi уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының табиғи монополияшы-шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң мемлекеттік регистрiне енгізу туралы шешiмдер қабылдайды; олардың өнiмдерiне (көрсететiн қызметтерiне) тарифтердi көтеру тоқсанына бiр реттен жиi жүргiзiле алмайды және әдетте, олардың өсуi ағымдағы жылға арналған индикативтiк жоспарда қабылданған бағалардың өзгеруiнiң шектi индексiнен артпауға тиiс; тарифтердi қайта қарау туралы ұсыныстарды табиғи монополия саласындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлер Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетiне немесе оның аумақтық бөлiмшелерiне тоқсан басталғаннан 45 күн бұрын бередi; тоқсан басталғаннан 20 күн бұрын тарифтердiң жобалары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетiнде талқылауға шығарылады және тоқсан басталғанға дейiнгi 10 күннен кешiктiрмей табиғи монополия саласындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлер жаңа бағалар туралы шешiмдердi республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында (тарифтердiң өзгеру орны бойынша) жариялайды. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |