Энергия көздерiнiң мемлекеттік реттелетiн бағасы туралы Қазақстан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Республикаға Ресей Федерациясынан және Орта Азия мемлекеттерiнен импорттайтын энергия көздерiнiң (мұнайдың, мұнай өнiмдерiнiң, табиғи және сұйытылған газдың, электр энергиясының) бағасы одан әрi өсуiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Мұнайдың 1 тоннасына франко-бас резервуар, көлiк кәсiпорынына тапсыру-қабылдау пунктiнiң айдау стансасы шарттарымен 28000 сом мөлшерiнде өнеркәсiптiң мемлекеттік реттелетiн көтерме сауда бағасы (қосылған құн салығынсыз) енгiзiлсiн. Мұнай өндiретiн бiрлестiктер республиканың мұнай өңдеу кәсiпорындарына мұнай берiп тұру кезiнде бағаны реттеу қорына өнеркәсiптiң көтерме сауда бағасы (бiр тоннасына 28000 сом) мен өзiндiк құнға рентабельдiлiктiң 50 процент шектi деңгейiмен кәсiпорынның көтерме сауда бағасы арасындағы айырманы аударады деп белгiленсiн. 2. Кәсiпорынның мұнай өнiмдерiнiң (бензин, дизель отыны, мазут пештiк отын, керосин) бағасы шикi мұнайдың құны мен өзiндiк құнға шаққанда рентабельдiлiктiң 20 процент шектi деңгейiн қоса оны өңдеу жөніндегі шығындарға орайластыра белгiленсiн. 3. Қазақ мемлекеттік "Қазмұнайөнiм" концернi мұнай өнiмдерiн Ресей Федерациясынан әкелiнетiндерiн есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жанындағы Баға комитетiмен бiрлесiп белгiленетiн кәсiпорындардың бағасына айналым шығындарына шаққанда рентабельдiлiктiң 20 процент шектi деңгейiмен жабдықтау-өткізу үстемесi мен қосылған құн салығын қоса, қалыптасып отырған бiрыңғай (франко-бағыт шартымен) орташа теңестiрiлген өнеркәсiптiң бағасымен өткізудi жүзеге асырсын. (2-абзац) . Ескерту. 3-тармақтағы 2 абзацтың күшi жойылған - Қ.Р.К.М. № 1224, 4 қараша 1994 ж. қаулысымен. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|