Республиканың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Орын алған кемшiлiктердi жою және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық объектiлерiн пайдалану және ұстау жөніндегі жұмысты одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Балансында тұрғын үй қоры бар облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi, министрлiктер мен ведомстволар, кәсiпорындар мен ұйымдар: тұрғын үй қорын қалыпты пайдалану және ұстау хақында шұғыл проблемаларды дербес шешу мақсатында пәтерлердiң (үйлердiң) иелерiнiң кооперативтерiн құру жөнiнде жекешелендiрiлген пәтерлер мен үйлердiң тұрғындарының арасында қажеттi түсiндiру және ұйымдастыру жұмысын жүргiзсiн. Бiрiншi кезектегi мұқтаждары үшiн оларға қажеттi материалдық-техникалық ресурстарды беру, жайғастыруда жаңадан құрылған кооперативтерге жан-жақты көмек көрсетсiн; Кооперативтердiң баласындағы үйлерге жапсарлас салынған адам тұрмайтын үй-жайлардың жалгерлерi мен иелерiне тұрғын үйдi ұстауға арналған шығындардың бiр бөлiгiн төлету құқын пәтерлер (үйлер) иелерi кооперативтерiне берсiн. Жиналған ақшалай қаражат тек қана тұрғын үйлердi ұстау және жөндеуге, сондай-ақ үйлердiң маңындағы аумақтарды тазалауға жұмсалсын. Мемлекеттік және жекешелендiрiлген тұрғын қорының техникалық жай-күйiне 3 ай мерзiмде тексеру жүргiзсiн және нәтижесi бойынша оны күрделi жөндеуден өткізу, қалпына келтiру немесе авариялық және тозған үйлердi бұзу жөнiнде нақты шаралар қабылдансын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|