Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде аэронавигациялық қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ХААҰ) кiруiне байланысты және әуе кеңiстiгi пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету, ұшу қауiпсiздiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Аэронавигациялық қызмет көрсету ақысы (ставкалары мен алымдары) және оларды Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардан төлеттiру тәртібі туралы осыған қосылған ереже бекітілсiн. 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде аэронавигациялық қызмет көрсету басқа мемлекеттiгiне, ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысандарына қарамастан, барлық пайдаланушыларға Аэронавигациялық қызмет көрсету ақысы (ставкалары мен алымдары) және оларды Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардан төлеттiру тәртібі туралы осы ережеге сәйкес ақылы жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 2. "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлік авиакомпаниясының құрамында дербес құрылымы - Аэронавигация дирекциясының құрылуы мақұлдансын және оған әуе кеңiстiгi пайдаланылуын бақылау, азаматтық авиацияның әуе қозғалысын басқару және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде аэронавигациялық қызмет көрсетiлгенi үшiн ақы төлеттiру функциялары жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігі "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлік авиакомпаниясымен бiрлесе отырып Аэронавигация дирекциясы туралы ереженi және оны дамыту бағдарламасын бекiтсiн, онда 1994 жылғы 1 шiлдеге дейiн мемлекеттік дербес кәсiпорын құру болсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|