|
|
|
«Электроэнергия тарифтерi»
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысымен күші жойылды
1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің экспорттық өнім шығаратын кәсіпорындары, Қазақстан Республикасының Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдары және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің темір жол көлігі кәсіпорындары арасында келісуші кәсіпорындар пайдаланылған электр энергиясы үшін берешекті өтеу кестесін орындаған жағдайда электр энергиясы мен темір жол жүк тасымалына тарифті 1995 жылдың 1 қаңтарына дейін тамыз айындағы деңгейде уақытша тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетімен келісілген келісімдер ескерілсін. 2. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті Қазақстан Республикасының Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің есебінен сәйкес халық үшін электр энергиясының тарифтерін көтеру мәселесін шешетін болсын. "Жезқазғантүстімет", "Балқашмыс", "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамдары үшін жылу энергиясының тарифтері және электрленген темір жол көлігінің мұқтажына электр энергиясының тарифі 1995 жылдың 1 қаңтарына дейін тамыз айындағы деңгейде бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің "Қарағандыкөмір" бірлестігі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің Қарағанды металлургия комбинатына босатылатын көмірге бағаны төмендету туралы мәселені қарасын. 4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі шығарылатын экспорттық өнімге жұмсалатын энергияны азайту жөніндегі шараларды әзірлесін, бекітсін және орындалуын қамтамасыз ететін болсын, қуаттарды тиімді пайдалану жөнінде шаралар қабылдасын.
Премьер-министр
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |