Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру туралы Қазақстан Республикасы
Осы редакция 2006 ж. 5 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, бұйырамын: 1. Бекітілсін: 1) Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүргізу Ережесі; 3) Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүргізу үшін облыстарға, Астана және Алматы қалаларына бекітілген кодтары. 2. Ветеринариялық департаментіне, Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармаларымен, Астана және Алматы қалалары, бірлесе отырып, заңдылықтарда белгіленген тәртіпте, осы бұйрықтан туындайтын керекті шаралар қабылдасын. 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау ветеринария Департаментіне (М.Т.Мыңжанов) жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Министр Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді жүргізу Ережесі" 2003 жылғы 02 сәуіріндегі № 164 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді жүргізу Ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 32 бабының 1 тармағына сәйкес әзірленді және жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық дауалауды жүзеге асыруды бақылау мақсатында ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендірудің бірыңғай тәртібін анықтайды. 2. Осы Ереженің талаптарының орындалуы ауыл шаруашылық жануарларын өсірумен және ұстаумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға, жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға міндетті болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|